Page 79 - index
P. 79

Ғ1 ұрпақтағы әрбір комбинациядан 2-3 аналық және 5-6 аталық
шыбындары Ғ2 ұрпақ алу үшін, тамақтық ортасы бар пробиркаға
саламыз. Әр студентке әр комбинациядан 2-3-4 пробирка болу керек.

    10-12 тәуліктен кейін шыққан Ғ2 ұрпақтағы шыбындарды ұйық-
татып, белгілердің (фенотип) ажырауын талқылаймыз.

    Алдымен сұр денелі жетілген қанатты шыбындарды санайды,
содан соң жетілген қанатты қара денелі, жетілмеген қанат сұр дене-
лі және жетілмеген қанат қара денелерді санап кестеге енгізеді.

    14-сурет. Дрозофила шыбындағы дигибридті шағылыстыру

    Ғ1 ұрпақта барлық шыбындар сұр денелі жетілген қанатты бо-
лады. Бұл қара дене жетілмеген қанат белгілерінің рецессивті еке-

нін көрсетеді. Олар генотипі жағынан гетерозиготалы. Ал Ғ2 белгілер
ажырағанда, теориялық күтілуге сәйкес.

9   Normal,  3   ebony,  3   vestigial,  1   ebony-vestigial (14-сурет).
16           16          16              16

    Тапсырмаларды орындау:
    1. Бұршақ өсімдігінің Батыр сортының тұқымын санап, тұқым-
ның түсі сары, бұдыр екенін білу.
    2. Бұршақ өсімдігінің Жетісу сортының тұқымын санап, тұқым-
ның түсі жасыл, тұқымның пішіні тегіс екенін анықтау.
    3. Ғ1 ұрпақ будандарының тұқымының түсі сары, пішіні тегіс еке-
нін анықтап, дәптерге басым және рецессивті белгілерді жазу.

                             79

⇐ МАЗМҰНЫ
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84