Page 83 - index
P. 83

Шешуі:
    І. Әр белгілердің тұқым қуалауын талдау.
    1. Гүлдің түсі.
    1. Ғ1 – ұрпақ будандарының түсінің бірдей болуы – ата-аналық
өсімдіктер гомозигота екенін білдіреді.
    2. Ғ2 – ұрпақта белгілердің ажырауы:

қызыл қызғылт  сары
   39 94       45
   15 28       13
   ── ──       ──
   54 122      58

    Белгілердің ажырауы бойынша 3 (үш) фенотиптік класс түзіл-
гендіктен, гүлдің түсі бойынша тұқым қуалауы моногенді толық
емес доминанттылыққа жатады, яғни бір гаметаның үйлесу мөл-
шерін табамыз. 234 : 4 = 58,5. Тәжірибедегі белгілердің ажырауы.
54 : 58,5 = 0,9; 122 : 58,5 = 2,1; 58 : 58,5 = 1 немесе 1 : 2 : 1 қатынасы.
Х2 әдісімен тексергенде (Х2 = 0,59, Р > 0,70) белгілердің ажырауы
қатынасқа сәйкес.

    Жауабы: Гүлдің түсі бір жұп аллельдермен анықталады, толық
емес доминанттылық ата-аналық өсімдіктердің генотипі. АА – қы-
зыл, аа – сары.

    2. Гүлдің пішіні.
    Ғ1 – ұрпақ буданының пішіні бірдей болуы ата-аналық өсім-
діктердің гомозигота екенін көрсетеді.
    Ғ2 – ұрпақта белгілердің ажырауы.

зигоморфты гүлі дұрыс
 39 15
 94 28
 45 13
── ──
178 56

    Ғ2 ұрпақта белгілердің фенотип бойынша ажырауында екі класс
түзілетіндіктен және зигоморфты белгі гүлі дұрыс орналасқаннан
белгіден басым болуы белгілердің моногенді тұқым қуалайтынын
көрсетеді. Бір гаметаның үйлесу мөлшерін табамыз. Ол – 58,5 тең.
Тәжірибедегі белгілердің ажырауы 178 : 58,5 =3; 58 : 58,5 = 0,9;

                       83

⇐ МАЗМҰНЫ
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88