Page 66 - indexf
P. 66

4-тарау. ТИПТІК ДИНАМИКАЛЫҚ БУЫНДАР ЖӘНЕ
                 АБЖ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СҰЛБАЛАРЫ

    АБЖ құрамына табиғаты әртүрлігіне қарамай бір түрлі диф-
ференциалдық теңдеулермен сипатталатын нысандар кіреді. Осы
нысандардың белгілі бір идеализациясы кезінде, алдын-ала белгілі
қарапайым түрлендіру операторы (ТО) көмегімен сипаттауға бо-
лады. Осындай белгілі түрлендіру операторлары бар нысандар тип-
тік динамикалық буындарға жатады (ТДБ). Типтік динамикалық
буындардың келесідей түрлері бар: күшейткіш, бірінші ретті апери-
одты, тербелмелі, интегралдаушы, дифференциалдаушы, кешігуші
буындар, т.б.

    Әрбір типтік динамикалық буындар динамика теңдеулерімен, уа-
қыт сипаттамаларымен, беріліс функциялармен және жиіліктік си-
паттамаларымен сипатталады.

    Автоматикада типтік буындар автоматты басқару жүйесінің
математикалық моделін алу үшін пайдаланылатын математикалық
аппаратты құрайды. Нақты нысандар екінші реттен жоғары диф-
ференциалдық теңдеулермен сипатталуы мүмкін, бірақ ол теңдеу-
лерді екінші реттен жоғары емес теңдеулер жүйесімен алмастыруға
болады. Сонымен, кез келген АБЖтиптік динамикалық буындардың
жиынтығы түрінде алуға болады.

           4.1. Күшейткіш буыны

    Күшейткіш буынның (КБ) беріліс коэффициенті k түрлендіру
операторы болады.

    Динамикалық теңдеуі мына түрге ие:

           y = ku                          (4.1)

Лаплас түрлендіруінен кейін мынаны аламыз

           Y(s)=kU(s)

    Сонда, күшейткіш буынның беріліс функциясы тұрақты шамаға

тең:
                                      W (s) = k

    Осы буын инерциясыз буын деп аталады. Мұндай буындардың
мысалы ретінде механикалық редукторды ( k – беріліс қатынасы-

⇐ МАЗМҰНЫ  66
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71