Page 61 - indexf
P. 61

Графикалық кескінде ЛАЖС жиіліктерді логарифмдік масштаб-
та абсцисса осі бойына с-1 немесе Гц өлшемімен орналастырамыз.
Жиілік диапазондары октава және декадаға бөлінеді. Октава – бұл
бір-бірінен 2 есеге өзгеше болатын, жиіліктер арасында қорытын-
дысы болып табылатын жиілік диапазоны. Декада – 10 есеге өзге-
шелігі бар жиілік үшін арналған диапазон.

    Логарифмді амплитудалы жиіліктік сипаттамалардың артықшы-
лығы күрделі есептеу жұмыстарынсыз көптеген жағдайларда АБЖ
синтездеу және анализдеу кезінде графикалық кескіндерді құру
мүмкіндігі болып табылады.

3.5-сурет. ЛАЖС және ЛФЖС абсцисса остері

    Бұл артықшылық жиілікті беріліс функциясы көбейткіштер
туындысы ретінде ұсынылған жағдайларда көрінеді. Сонда, нәтижелі
ЛАЖС жеке көбейткіштерге сәйкес келетін ЛАЖС ординаталарының
қосындысымен табылуы мүмкін. Көптеген жағдайларда осындай
қосындылар қажет болмайды және нәтижелі ЛАЖС 20 дБ/дек еселі
көлбеулі түзу сызық қимасының жиынтығы бар асимптоталы ЛАЖС
деп аталынатын сипаттама түрінде салынуы мүмкін.

    3.1-мысал
    Айталық, жиілікті беріліс функциясының модулі тұрақты санға
A(ω)=k0 тең болсын, сонда

                             L(ω)=20lgA(ω)=20lgk0.

⇐ МАЗМҰНЫ  61
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66