Page 385 - index Bapaeva
P. 385

3-ҚОСЫМША
         Студенттердің өздерінің білімін тексеруге арналған

                              сұрақтар қатары
    1. Онтогенездің кезеңі ретінде жастық шаққа анықтама
беріңіз.
    Жауабы: Онтогенездің жастық шақты егде кезеңге алмастыра-
тын кезеңі.
    2. «Инфантилизм» ұғымына анықтама беріңіз.
    Жауабы: Тарихи кезеңде қоғам мен табиғатты әлеуметтік
құндылықтарының адамның психикасы мен санасында жеке-дара
объективті бейнеленуі.
    3. Өмірлік стиль ұғымын қалай түсінесіз?
    Жауабы: Әрбір адамның өзінің өмірлік мақсатын ұстану үшін
таңдалған бірегей тәсіл.
    4. Рефлексия ұғымына анықтама беріңіз.
    Жауабы: Адамның өз-өзін, өзінің дербес әрекеттері мен жай-
күйін ұғынуы.
    5. Әлеуметтік рөл дегеніміз не?
    Жауабы: Мінез-құлықтың нормативті мақұлданатын үлгісі.
    6. Рөлдік ұстанымдардың қақтығысы дегеніміз не?
    Жауабы: Рөлдік дау-дамайлар.
    7. Жауапкершілікті қалай түсінесіз?
    Жауабы: Субъектінің өзімен анықталатын шекаралар мен фор-
маларда қажеттіліктердің, ережелердің, талаптардың және т.б.
іштей қабылданып, еркін жүзеге асырылуы.
    8. Интеллектіге анықтама беріңіз.
    Жауабы: Индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің салыстырмалы
тұрақты құрылымы.
    9. Депривация дегеніміз не?
    Жауабы: Субъектінің кейбір негізгі психикалық
қажеттіліктерін жеткілікті дәрежеде және біршама ұзақ мерзімде
қанағаттандыра алмаудың нәтижесінде туындаған психикалық
күйі.
    10. Депривацияның түрлері.
    Жауабы: Сенсорлы, когнитивті, эмоциялы, әлеуметтік.
    11. Сенсорлы депривация дегеніміз не?
    Жауабы: «Кедейленген» ортамен, яғни сезім ағзалары
тітіркендіргіштерінің біртекті сапасымен немесе шектеулі

                                    385

⇐ МАЗМҰНЫ
   380   381   382   383   384   385   386   387   388   389   390