Page 386 - index Bapaeva
P. 386

өзгермелілігімен, көлемінің жетіспеушілігімен сипатталатын ор-
тамен шартталған психикалық күй.

    12. Әлеуметтік депривация дегеніміз не?
    Жауабы: Адамның өзінің қоғамдағы рөлін жүзеге асыруда
шектеулі мүмкіндігінің психикалық күйі.
    13. Геронтогенездің астарында нені түсінеміз?
    Жауабы: Қартаю және мосқал тарту кезеңі.
    14. Жалғыздық сезіміне анықтама беріңіз.
    Жауабы: Тұлғаның ыдырауы мен әлеуметтік шеттелуінің
физикалық және психологиялық сезімі.
    15. Геронотология нені зерттейді?
    Жауабы: Қарттықты, қартаю кезеңін және адамның ұзақ өмір
сүруін.
    16. Қарттықтың қандай үдерісі табиғи деп саналады?
    Жауабы: Қалыпты, ауру-сырқатпен шартталмаған.
    17. Депрессия дегеніміз не?
    Жауабы: Адамның теріс эмоциялы күйімен, мотивациялық
аумағы мен танымдық мүмкіндіктерінің өзгеруімен және мінез-
құлықтың жалпы енжарлығымен сипатталатын психикалық күйі.
    18. Танатологияға анықтама беріңіз.
    Жауабы: Зерттеудің өлу және өлімді зерттейтін бағыты.
    19. Психология тұрғысынан өлімге анықтама беріңіз.
    Жауабы: Өлім – адам өміріндегі соңғы сын кезеңі.
    20. Эвтаназия дегеніміз не?
    Жауабы: Дәрігердің үмітсіз ауру адамдардың өлімін жүзеге
асыру мақсатында орындалған әрекеті.
    21. Қай жас шамасында орта жас дағдарысы орын алады?
    Жауабы: Егде кезеңде.
    22. Э.Эриксон бойынша жастық шақтағы ұқсастықтың
қай қыры жағымды деп есептеледі?
    Жауабы: Интимділік жастық шақтағы ұқсастықтың жағымды
жағы болып саналады.
    23. Геронтопсихология дегеніміз қандай бағыт?
    Жауабы: Жас ерекшеік психологияның қарттықты, қартаю
кезеңін және адамның ұзақ өмір сүруін зерттейтін бөлімі
    24. Акмеология қай кезеңді қамтиды?
    Жауабы: Адамның барлық күш-қуаты жанданатын кезең.

           386

⇐ МАЗМҰНЫ
   381   382   383   384   385   386   387   388   389   390   391