Page 387 - index Bapaeva
P. 387

4-ҚОСЫМША

              Жас кезеңдеріне байланысты құрастырылған
                            жағдаяттарды шешу

    1-жағдаят
    1-сынып оқушысы К. кері жүретін бала. Оқу материалының
күрделілігімен мұғалім баланың үлгерімінің төмендігіне, мінез-
құлық ережесін бұзғанына реніш білдіре бастады. Ақырында К.
құрдастарымен қарым-қатынасында қиыншылық көріне бастады.
    Мұндай жағдай немен байланысты болуы мүмкін?

    2-жағдаят
    Егер балада ата-анаға деген тәуелділік шамадан тыс болса,
оны шектеу керек. Осы мақсатпен ата-ана елемеушілік стратегия-
сын жиі қолданады. Қарапайым түрде баланың жиі жылағанына
назар аудармайды.
    Ата-аналар ұстанатын елемеушілік стратегиясы неге әкеп
соғады?

    3-жағдаят
    Жуырда балалар бақшасының орта буын тобына бұрын
балабақшада болмаған 4 жастағы Санжар келді. Ол ойыншық ма-
шинасымен ойнап болып, оны бөлменің ортасына тастап кетті.
    Мұндай жағдайда тәрбиеші не істеуі керек?

    4-жағдаят	
    Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті сабағы кезінде
өздерінің қалауы бойынша, саздан әртүрлі бейне жасау тапсы-
рылды. Бірақ тәрбиеші балалардың жас ерекшеліктерін және
4-тоқсан бағдарламасын ескеріп, жеміс-жидектерді, тағамдарды,
жануарды, ертегі кейіпкерлерін мүсіндеуді ұсынды.
    	
    5-жағдаят
    Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты
өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз
болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін
нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз

                                    387

⇐ МАЗМҰНЫ
   382   383   384   385   386   387   388   389   390   391   392