Page 390 - index Bapaeva
P. 390

5-ҚОСЫМША

    З. М. Истоминаның әдістемесі
    Мақсаты: мағыналық байланыстардың сөздік материал-
ды есте қалдыруға және қайта жаңғыртуға ықпалын, сондай-ақ
логикалық байланыстар орнату кезінде есте қалдыру беріктігін
анықтау. Қысқа мерзімді есте сақтау көлемін бағалау.
    Құрал-жабдық: арасына сөздік байланыстар орнату оңай іске
асатын он сөздер жұбы. (Мысалы: көпір – өзен, сапар – жол, бас
– шаш, т.с.с.)
    Әдістеменің нұсқауы: Балаларға он сөз жұбы оқылады.
Әрбір жұптағы сөздер арасында қандай да бір байланыс бар.
Бір минуттан кейін әрбір жұптағы бірінші сөздер ғана оқылады.
Оқушылардың міндеті – әрбір жұптағы екінші сөздерді есіне
түсіру.
    Өткізілу барысы: жұптағы сөздер 2 – 3 секунд үзіліспен
оқылады. Осыдан бір минут уақыт өткенен кейін жұптағы бірінші
сөздер ғана оқылады, ал балалар екінші сөзді естеріне түсіріп,
берілген тіркеу хаттамасына сәйкес суреттерді түсіріп отырады.
Әдістеме топтық түрде жүргізіледі.
    Нәтижелерді өңдеу: Дұрыс сәйкес суреттердің жалпы
сандары есептеледі. Нәтижелер келесі көрсеткіштер бойынша
өлшенеді:
    Жоғары деңгей – 1 – 2 қате жіберілгендер;
    Орташа деңгей – 3 – 4 қате жіберілгендер;
    Төмен деңгей – 5 және одан да көп қате жіберілген жағдайда.

           390

⇐ МАЗМҰНЫ
   385   386   387   388   389   390   391   392   393   394   395