Page 388 - index Bapaeva
P. 388

балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай
мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

    6-жағдаят
    Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне
көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», – деп
айтып жататынын байқаймыз. Ата-ананың балаға осылайша баға
беруі дұрыс па?

    7-жағдаят
    Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан
өткізуде. Жаздыгүні Сіз оған ұялы телефон және компьютер са-
тып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамай-
ды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайында-
лып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз
қандай болар еді?

    8-жағдаят
    Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан
құрбыңыз бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне кел-
генде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем
түсінісе алмайды. Тіпті, оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген
қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан
өткізіп жатқан оның баласы, күннен-күнге тұйықталып барады,
іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан
Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

    9-жағдаят
    Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз
биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй ша-
руасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн
тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан 
қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға 
дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

    10-жағдаят
    Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

           388

⇐ МАЗМҰНЫ
   383   384   385   386   387   388   389   390   391   392   393