Page 397 - index Bapaeva
P. 397

9-ҚОСЫМША
     Егде жастағы адамдардың жеке тұлғасының өзіндік сана,
 мотивациялық-қажеттілік және эмоциялық ерекшеліктерін

                       зерттеуге арналған әдістеме
    Әңгіме әдісі
    Мақсаты: – сыналушылармен байланыс орнату.
    – әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларды зерттеу;
    – жеке тұлғаның эмоциялық, мотивациялық-қажеттілік
құрамдарын зерттеу.
    Нұсқау: Құрметті қатысушы! Төмендегі сұрақтармен мұқият
танысып, нақты жауап беруіңіз сұралады.

    Сұрақтар:
    1. Сіздің жасыңыз нешеде?
    2. Сіздің біліміңіз қандай?
    3. Сіз зейнеткерлікке дейін қайда және қандай мамандықпен
жұмыс істедіңіз?
    4. Қанша уақыт жұмыс істедіңіз? (қанша жыл)
    5. Сіз жалғыз тұрасыз ба, әлде туыстарыңызбен бірге тұрасыз
ба?
    6. Өз отбасыңыз туралы айтып беріңіз?
    7. Қалай ойлайсыз, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Сіздің
өміріңізде қандай жақсы өзгерістер болды?
    9. Зейнеткерлік демалысқа шаққаннан кейін Сіздің өміріңізде
қандай жағымсыз өзгерістер болды?
    10. Сіз бос уақытта немен шұғылданғанды ұнатасыз?
    11. Сіз басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудан
қаншалықты қанағаттанасыз?

    Әңгімелесу арқылы алынған нәтижелерді талдау:
    1) Әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар 1-6 сұрақтардан
алынған таңдауларды қалыптастыруда ескерілді.
    2) Эмоциялық өрістің ерекшеліктері (7-8 сұрақтар).
    3) Мотивациялық-қажеттілік өрісінің ерекшеліктері (9-10
сұрақтар).

           397

⇐ МАЗМҰНЫ
   392   393   394   395   396   397   398   399   400   401   402