Page 392 - index Bapaeva
P. 392

7-ҚОСЫМША
    Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьевтің әдістемесі
    Мақсаты: Есту, көру, қимыл-қозғалыс, аралас қабылдау
арқылы есте сақтауды зерттеу.
    Әдістеменің нұсқауы: 1-қатардағы 10 сөзді оқып шығып, 3
секунд өткен соң оқушыларға есте қалдырғандарын жазу тапсы-
рылады. 10 минут өткеннен соң жазу тапсырылады.
    10 минут уақыт өткен соң 2-қатардағы сөздердің суретін
көрсетіп, суреттердің аттарын өздеріне айтқызады. 30 секунд
өткен соң көрген суреттерінің аттарын дәптерлеріне жазады.
    Тағы 10 минут уақыт өткен соң 3-қатардағы сөздерді арасына
3 секунд салып, дауыстап оқу, ал оқушы сыбырлап, қайталап, ауа-
да жазады. Содан кейін қағазға жазады немесе суретін түсіреді.

            І               ІІ         ІІІ

Шөп            Шам              Аю
Ыдыс           Түн              Қалам
Теңіз          Ағаш             Өрік
Үй             Су               Үйрек
Кілт           Көз              Жидек
Жұлдыз         Жаңбыр           Парта
Кітап          Көл              Қоңыз
Орман          Шар              Жел
Доп            Құлақ            Бал
Телефон        Газет            Қоян

    Нәтижелерді өңдеу: Әрбір қатардағы дұрыс табылған сөздер,
суреттер сандары есептелінеді.

    16 – 18 ұпай – өте жоғары деңгей
    13 – 15 ұпай – жоғары деңгей
    10 – 12 ұпай – орташа деңгей
    7 – 9 ұпай – төмен деңгей
    4 – 6 ұпай – өте төмен деңгей

               392

⇐ МАЗМҰНЫ
   387   388   389   390   391   392   393   394   395   396   397