Page 394 - index Bapaeva
P. 394

соқса, онда оны «0» белгісімен белгілеңіз, бірақ ондай белгісіз
жауаптардың аз болғаны дұрыс.

    Сипаттамалардың тізімі.
    1. Достарына сыншыл.
    2. Топта дау-дамай туындап келе жатса мазасызданады.
    3. Әрдайым көшбасшының (жетекшінің) кеңестері мен
нұсқауларына бағынады.
    4. Топ мүшелерімен жақын қатынастарды орнатуға бейімі жоқ.
    5. Қатынастардағы достықты жоғары бағалайды.
    6. Көшбасшыға қарсыласуға бейім.
    7. Топтың бір-екі мүшелерін ғана ұнатады
    8. Топтық кездесулерден және іс-шаралардан қашады.
    9. Көшбасшының немесе жетекшінің мақтауын жоғары
бағалайды.
    10. Көзқарастары мен мінез-құлық мәнерінде тәуелсіз.
    11. Дауласқанда міндетті түрде біреуіне жақтасады.
    12. Қайсібір топтық істерді орындауда басқаларды басқаруды
өз мойнына жүктеуге бейім.
    13. Адамдардың шектеулі шеңберімен араласуға бейім.
    14. Айналадағылар тарапынан өшпенділік байқалғанда, сырт-
тай өзін байсалды ұстайды.
    15. Өз тобының көңіл-күйін қамтамасыз етуге бейім.
    16. Топ мүшелерінің жеке-дара қасиеттеріне және
қатынастарына аса мән бермейді.
    17. Өз қызығушылықтарында топты мақсаттарынан алаңдатуға
бейім.
    18. Кейде көшбасшыға қарсыласқаннан рахат алады.
    19. Достарымен қарым-қатынаста эмоциялы, шынайы,
қайырымды.
    20. Дауласқанда бейтарап қалуға тырысады.
    21. Көшбасшының белсенді болып, мойнына барлық
жауапкершілікті толықтай жүктегенін қалайды.
    22. Топтағы проблемаларды, келіспеушіліктерді
салқынқандылықпен, эмоциясыз талқылауға бейім.
    23. Сезімдерін көрсетуде аса ұстамды емес.
    24. Айналасында жақтастарын шоғарландыруға бейім.
    25. Топтағы қатынастардың тым ресми болғандығын
ұнатпайды.

                                    394

⇐ МАЗМҰНЫ
   389   390   391   392   393   394   395   396   397   398   399