Page 417 - index Bapaeva
P. 417

жоғалтуға қатты күйзеледі. Интерналды бақылау локусы бар
адамдар қадағалау немесе бейне бақылаудан гөрі жалғыздықта
жақсы жұмыс істейді. Экстерналдарға кері мінез-құлық тән.

    Интерналдар мен экстерналдар әртүрлі әлеуметтік
жағдайларды интерпретациялау тәсілдері және ақпаратты
алу тәсілдері және оларды түсіндіру механизмдері бойынша
ерекшелінеді. Интерналдар ақпаратты неғұрлым белсенді іздейді
әрі әдетте экстерналдарға қарағанда жағдай жөнінде жақсы хабар-
дар болады. Бірдей жағдайда интерналдар сол жағдайға қатысатын
индивидтерге жауапкершілікке көп мән береді.

    Субъективті бақылау деңгейін зерттеу сұрақнамасы 44
пунктіден тұрады. Сұрақнаманы пайдалану спектрін арттыру үшін
ол 2 нұсқада құрастырылған. А нұсқасы зерттеу мақсаттарына
арналған. Ол «+3» жауабы «толықтай келісемін», «-3» - аталмыш
пунктіге мүлде келіспеймін деген 6 ұпайлық бағана бойынша жа-
уапты талап етеді. Б нұсқасы психодиагностикаға арналған және
«келісемін-келіспеймін» деген бинарлы бағана бойынша жауап
беруді талап етеді.

    Сұрақнаманың мәтіні:
    1. Қызмет бойынша өсу жеке қабілеттер мен күштерге
қарағанда көбінде жағдайлардың сәтті ағымына байланысты бо-
лады.
    2. Ажырасудың көпшілігі адамдардың бір-біріне бейімделе ал-
мауларынан орын алады.
    3. Ауру – жағдайға байланысты болады; егер ауырған болсаң,
ештеңе істей алмайсың.
    4. Адамдар айналадағыларға қызығушылық пен достастық та-
ныта алмағандықтан жалғыз қалады.
    5. Тілектерімнің жүзеге асуы көбінде сәттілікке байланысты.
    6. Басқа адамдарға ұнау үшін әрекет еткеннің еш пайдасы жоқ.
    7. Сыртқы жағдайлар, ата-аналар және жайлылықтың әсері
отбасының бақытына ерлі-зайыптылардың қатынастарынан еш
кем түспейді.
    8. Мен өз басымнан өтіп жатқан жәйттарға аса көп ықпал
етпейтінімді сеземін.
    9. Басшы қоластындағылардың дербестілігіне сүйенгеннен
гөрі, дұрысы әрекеттерін өзі толықтай қадағалағанда неғұрлым
тиімді болады.

                                    417

⇐ МАЗМҰНЫ
   412   413   414   415   416   417   418   419   420   421   422