Page 418 - index Bapaeva
P. 418

10. Менің мектептегі бағаларым өзімнің әрекеттеріме
қарағанда кездейсоқ жағдайларға (мәселен, мұғалімнің көңіл-
күйіне) байланысты болды.

    11. Мен жоспар құрғанда оларды жүзеге асыра алатыныма
сенемін.

    12. Көптеген адамдарға сәттілік немесе жолы болғыштық бо-
лып көрінетін дүниелер, шын мәнінде ұзақ мерзімді мақсат еткен
әрекеттердің нәтижесі болып табылады.

    13. Дәрілерді қолдану және дәрігерлердің көмегіне сүйенуге
қарағанда, салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізер көмегі
көбірек деп ойлаймын.

    14. Егер адамдар бір-біріне сәйкес келмесе, олар отбасылық
өмірлерін қаншалықты реттеуге тырысса да ештеңе істей алмай-
ды.

    15. Менің істеген жақсылықтарымды өзгелер әдетте, жоғары
бағалайды.

    16. Балалардың өсіп-жетілуі ата-аналарының тәрбиесіне бай-
ланысты болады.

    17. Өмірлік жағдайлар немесе тағдыр өмірімде аса маңызды
рөл ойнайды деп ойламаймын.

    18. Мен тым терең жоспарлауға тырыспаймын, өйткені көп
нәрсе жағдайларға байланысты болады.

    19. Менің мектептегі бағаларым көп жағдайда өзімнің еңбегім
мен дайындығымның дәрежесіне байланысты болған.

    20. Отбасылық қақтығыстарда мен қарсы жаққа қарағанда,
көбінесе өзімді кінәлі сезінемін.

    21. Адамдардың өмірі жағдайларға байланысты болады.
    22. Мен қалай әрекет етуді өз бетінше шешуге мүмкіндік
беретін басшылықты қалаймын.
    23. Менің өмір салтым ешқандай жағдайда да ауруларымның
себебі емес деп ойлаймын.
    24. Дұрысы, жағдайлардың сәтсіз тоғысуы адамдардың өз
ісінде жетістікке жетулеріне кедергі келтіреді.
    25. Ұйымның нашар басқарылуына онда жұмыс жасайтын
адамдар жауапты болады.
    26. Мен отбасында қалыптасқан қатынастарда ештеңені
өзгерте алмайтынымды жиі сезінемін.
    27. Егер қатты қаласам мен кез келген адамды өз ыңғайыма
көндіре аламын.

                                    418

⇐ МАЗМҰНЫ
   413   414   415   416   417   418   419   420   421   422   423