Page 419 - index Bapaeva
P. 419

28. Өскелең ұрпаққа көптеген жағдайлардың ықпал ететіні
соншалықты, оларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналардың күш-
қуаты көп жағдайда еш пайдасыз болады.

    29. Менің басымнан кешіргендерімнің барлығы – өз еңбегімнің
нәтижесі.

    30. Басшылардың басқаша емес дәл солай әрекет ететінін
түсіну қиын.

    31. Өз қызметінде жетістікке жете алмауы адамның жеткілікті
күш жұмсамауынан.

    32. Көбінде мен отбасымның мүшелерінен қалағандарымды
ала аламын.

    33. Өмірімде орын алған сәтсіздіктер мен келеңсіздіктерге
өзімнен гөрі басқа адамдар кінәлі.

    34. Балаға дұрыс қарап, киіндірсе, оны әрдайым суық тиюден
сақтауға болады.

    35. Күрделі жағдайлар мен проблемалар өз бетінше
шешілмейінше, сәл кідіре тұрғанды қалаймын.

    36. Сәттілік қажырлы еңбектің нәтижесі болып табылады әрі
жағдайға немесе сәттілікке аса байланысты бола бермейді.

    37. Мен отбасымның бақыты өзгеден гөрі көбінде өзіме байла-
нысты екендігін сезінемін.

    38. Маған неліктен бір адамдарға ұнайтынымды, ал
кейбіреулеріне ұнамайтынымды түсіну әрдайым қиынға соғатын?

    39. Мен басқа адамдардың көмегіне немесе тағдырға үміт
артқаннан гөрі өз бетімше әрекет еткенді қалаймын.

    40. Өкінішке орай, адамдардың еңбегі оның бар әрекетіне
қарамастан көбінде мойындалмайды.

    41. Отбасылық өмірде қанша қаласаң да, шешімі табылмай-
тын жағдайлар болады.

    42. Өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаған қабілетті адамдар
оған тек өздерін ғана кінәлауы керек

    43. Менің көптеген жетістіктеріме тек басқа адамдардың
көмегімен ғана қол жеткіздім.

    44. Менің өмірімдегі қолайсыз жағдайлардың біразы сәттілік
не сәтсіздікке баланысты емес, керісінше білмегендіктен немесе
жалқаулықтан болды.

           419

⇐ МАЗМҰНЫ
   414   415   416   417   418   419   420   421   422   423   424