Page 7 - index Bapaeva
P. 7

АЛҒЫ СӨЗ

    Даму психологиясы – психология ғылымының бір саласы.
«Даму психологиясы» пәні адамның онтогенездегі психикалық
дамуының заңдылықтарын және дамудың әрбір жас ерекшелік
кезеңіндегі психиканың, сананың, тұлғаның және оның іс-
әрекетінің даму ерекшеліктерін және байланысты психикалық
өзгерістерін, психикалық қасиеттері мен психикалық үдерістерін
жүйелі зерттеумен шұғылданады (ағзаның ана кұрсағында
ұрықтанудан өмірінің соңына дейінгі даму жолы). Даму
психологиясының тармақтары: балалар психологиясы, бастауыш
мектеп оқушысының психологиясы, жеткіншектер психологиясы,
жасөспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы және ге-
ронтопсихология.

    Данагөй ата-бабаларымыз арнайы ғылыми тұжырым жасама-
са да, адамның әр жас кезеңінде болатын психикалық өзгерістерді
байқап, айқын да анық дәйектеп отырған. Оған бұлтартпас
дәлел – бір-екі ауыз сөзбен қысқа да нұсқа жүйеленген мақал-
мәтелдеріндегі, әр ғасырда өмір сүріп, соңдарына мол мұра
қалдырған ақын-жыраулардың толғаулары мен термелеріндегі
және дастандарындағы адамның туғаннан өмірінің соңына дейінгі
берілген сипаттамалары қазіргі даму психологиясындағы ғылыми
теориялармен өзектес әрі үндесіп келеді. Мәселен, Майлықожа,
Мәделі Жүсіпқожаұлы, Шал Құлекеұлы, Ақан сері, беріректе өмір
сүрген Кенен Әзірбаевтың «Қайран жастық», Ж. Кәрменовтың
«Өмір термесі» және т.б. өлең-термелерінде әр жас кезеңіндегі
сензитивті сәттерді, дағдарыстарды дөп басып отырған. Сондай-
ақ әр он екі жыл сайын адам өмірінде қайталанып отыра-
тын мүшел жас туралы ой-пайымдауларын да бабаларымыз
негізсіз жасамаған. Осы тұрғыда студенттер танып-біліп, тал-
дап, ой түйіндесін деген ниетпен оқулықтың қосымшасында
халқымыздың баға жетпес інжу-маржандары – мақал-мәтелдері,
әр ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың адамның әр жас
кезеңдерінде болатын ерекшеліктерін сипаттаған толғауларынан

                                      7

⇐ МАЗМҰНЫ
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12