Page 8 - index Bapaeva
P. 8

үзінділер және қазақтың ұлы ақыны Абайдың баланың болмыс-
бітімі туралы айтылған жетінші, оныншы қара сөздері келтірілген.

    Онтогенез – бұл туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі дара
дамуы. Даму – құрылымның сапалы өзгеру, қайта құрылу, өңделу
үдерісі. Даму – әрдайым жүйенің дамуы, жаңа қасиет тек жүйенің
қайта өңделуі ретінде туындайды. Соған сәйкес даму нысаны –
оқшауланған элемент емес, жүйе.

    Қазіргі заманғы психологияда даму барлық жас даму
кезеңдерінде алға әрі кері жылжудың мезеттерін қатар қамтитын
үдеріс ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда прогрессивті
өзгерістердің үдерістері регрессивтіден басым түсетін тиімді әрі
сәтті қартаю ұғымы қалыптасқан. Э. Эриксон қарттық кезеңін
даналыққа ие болу жас шамасы ретінде қарастырған.

    Оқулықтың құрылымдық жүйесінде бірізділік сақталған,
әр тараудағы тақырыптар бір-бірімен өзара логикалық тұрғыда
бйланысқан. Оқулық жиырма үш тақырыпты қамтыған ірі төрт
тараудан тұрады:

    1. Даму психологиясының теориялық негіздері;
    2. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері мәселесі
жайлы факторлы тұрғылар;
    3. Баланың психикалық дамуы жайлы теориялар;
    4. Дамудың жас кезеңдеріне қарай жіктелуі және жас шамасы-
ның мәселесі.
    Оқулықта баланың психикалық дамуы жайлы теорияларға
терең талдау жасалған. Мәселен, З. Фрейдтің баланың психикалық
дамуы жайлы тұжырымдамасы, Ж. Пиаже бала ойлауының дамуы
жайында, Ж. Пиаженің интеллектінің дамуы турасындағы опе-
рационалды тұжырымдамасы, Э. Эриксонның тұлға дамуының
эпигенетикалық теориясы, мәдени-тарихи тұғыр, баланың
психикалық дамуы туралы Л. С. Выготскийдің теориясы, баланың
психикалық дамуының қозғаушы күштері мен себептері туралы
іс-әрекеттік тұрғы. Сонымен қатар адам дамуының сензитивті
кезеңдері, жас дағдарыстары (нәрестелік кезеңдегі, бір жастағы,
үш жастағы, жеті жастағы, жеткіншек жастағы) қарастырылған.
    Оқулықтың қосымшасында глоссарий, тақырыптарға сай
студенттердің білімін тексеруге арналған тест сұрақтары,
психологиялық жағдаяттар мен тапсырмалар, психодиагности-
калық әдістемелер беріліп отыр.

                                      8

⇐ МАЗМҰНЫ
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13