Page 10 - index Bapaeva
P. 10

І. ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ
                        ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    Жоспары:
    1.1. Даму психологиясының пәні мен міндеттері
    1.2. Даму ұғымы
    1.3. Даму психологиясының әдістері.

    1.1. Даму психологиясына жалпы сипаттама

    Адам іс-әрекетінің күрделенуінен және психология мен
басқа да ғылымдар құрылымындағы ғылыми мәліметтердің
жинақталуынан әртүрлі, ең алдымен әлеуметтік факторлармен
міндеттелген өзгерістердің үздіксіз үдерісі жүруде. Бұл өзгерістер
бір жағынан психологияның жеке салаларының тармақталуында,
енді бір жағынан, әрі психологияның ішінде, әрі оның басқа да
шектес ғылымдармен тоғысуында зерттеулердің әртүрлі салалары
мен бағыттарының бірігуінде анықталады.

    Даму психологиясы психология ғылымының азды-көпті
оқшауланған саласы ретінде ХІХ ғасырдың соңында пайда болып,
жеке тұлғаның өмір барысындағы психикалық даму үдерісінің
жас ерекшеліктері мен динамикасын анықтауға бағытталған.

    Даму психологиясының пәні адамның онтогенезде психикалық
дамуының заңдылықтарын және дамудың әрбір жас ерекшелік
кезеңіндегі психиканың, сананың, тұлғаның және оның іс-
әрекетінің даму ерекшеліктерін зерттейді.

    Онтогенез – бұл туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі
дара даму. Аталмыш ұғым биологиядағы онтогенездің
жүктіліктен және жаңа өмірдің пайда болу мезетінен өлімге
дейінгі дара даму ретінде анықталған ұғымға сәйкес келмейді.
Мұндай айырмашылық кездейсоқтық емес. Психологиядағы
тұжырымдамаға сәйкес психика және психикалық бейнелеу
дүниеге келу дағдарысын білдіреді. Бейнелеудің психикалық фор-
малары дүниеге келу мезетінде пайда болады. Пренатальды даму
кезеңі (жүктілік мезетінен жаңа өмірдің пайда болуын дейін)
бейнелеудің өзге формалары мен дамудың өзге түрлерімен сипат-

                                     10

⇐ МАЗМҰНЫ
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15