Page 11 - index Bapaeva
P. 11

талады, сондықтан адам дамуының жалпы жіктелуіне аталмыш
кезең қосылмаған.

    Курс негізгі үш бөлімнен тұрады, олар: жас ерекшелік
психологиясының пәні, міндеттері, әдістері; бала мен ересектің
психикалық дамуының детерминанттары (қозғаушы күштері,
себептері мен шарттары); жекелеген жас ерекшелік кезеңдерінің
сипаттамалары.

    Жас ерекшелік психологиясына деген қызығушылық дамудың
ғажайып болып көрінетін оғаш пікірде анықталатын психиканың
онтогенезде даму заңдылықтарын зерттеудің теориялық пробле-
маларымен, сондай-ақ қоғамды жас ерекшелік психологиясына
жетелейтін жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің практикалық
міндеттерімен де шартталады.

    Ең алдымен, ғасырлар бойында зерттеушілерді, философ-
тарды, қоғам қайраткерлерін толғандырған дамудың қарама-
қайшылықтарын қарастырып көрелік.

    Бірінші қарама-қайшылық: онтогенездің басындағы
қауқарсыздықтан есейген шақтағы зор қуаттылыққа дейін. Барлық
дүниеге келген тірі организмдердің арасындағы ең қауқарсыз
түрінен есейген шағында үйлесімді, интеллектілі қуатты тұлға
қалай қалыптасады? Адамды ең мүлтіксіз ететін не нәрсе?

    Екінші қарама-қайшылық: орталық жүйке жүйесінің
тұрақтылығы және психикалық дамудың жетістіктері. Жа-
нуарлар психикасы мен мінез-құлықтарының дамуы орталық
жүйке жүйесінің дамуына байланысты екендігі көпшілікпен
мойындалған. Кроманьондықтар уақытынан бері адамның
морфологиялық келбетінің мүлде өзгермегендігі белгілі. Түрдің
тұрақтылығында адамзаттың тұтастай жетілуінің себебі неде?
Морфофизиологиялық қасиеттердің тұрақталығында адамның
жаңа психологиялық қабілеттері: логикалық ойлауы, мағыналы есі,
қабылдауы, музыкалық қабілеттері және т.с.с. қалай қалыптасады?
Адамзаттың жаңа қабілеттерінің даму механизмдері қандай?

    Үшінші қарама-қайшылық: тұлға дамуының жеке-да-
ра жолдарының әмбебаптығы, әртектілігі, тұрақтылығы және
даралық ерекшеліктері.

    Түр, тек қасиеттері тұрақтылығының сақталуы түрді сақтаудың
шарты болып табылады. Адамға нәсіліне, этникалық, әлеуметтік
жағдайына қарамастан даму нұсқаларының шексіз әртектілігі

                                     11

⇐ МАЗМҰНЫ
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16