Page 12 - index Bapaeva
P. 12

орын алған дене ұйымдасуының тұрақты ортақ негізі (сенсорлы
және перцептивті жүйелердің, танымдық қабілеттердің және т.б.
қасиеттері) тән.

    Қазіргі заманғы психологияда даму жолдарын түсінудің екі
парадигмасы, даму үдерісін түсіндіретін екі теңеу бар:

    Баспалдақтар (1-сурет) – қалыпты дамудың ықтималды
жалғыз жолы;

    Ұяшықтар (2-сурет). Біз жолымызды А пунктінен бастап,
Б пунктіне әрқайсымыз өз жолымызбен келеміз, яғни бірыңғай
нәтижені қамтамасыз ететін даму траекториясы әртүрлі болады.
Дамудың дара траекториялардың кеңістігі шектеулі.

1-сурет. Баспалдақтар  2-сурет. Ұяшықтар

    Даму қарама-қайшылығы дара нұсқауларға, тұрақтылық
пен вариативтіліктің арақатынасына байланысты болады. Бізді
бір-бірімізден ерекшелендіріп тұратын тектілік, тұрақтылық,
өзгермейтін және даралықтың арақатынастары қандай?

    Төртінші қарама-қайшылық: дамудың гетерохрондығы неме-
се біркелкі болмауы. Дамудың біркелкі болмауы, бұл – бірқатар
көріністері бар дамудың ортақ заңы.

    Адамтану мәселелерін жасау мен жүзеге асыру саласындағы
маман, белгілі ресейлік психолог Б. Г. Ананьев адам өмірінің
барлық фазалары мен кезеңдері жайлы мәліметтерді қамтитын
және адамның дара дамуының бірлігін ашатын, адамның жас
ерекшелік дамуының біртұтас жүйесін құру қажеттігіне нұсқаған.
Б. Г. Ананьев адамның дара дамуы кез келген басқа ағзаның да-
муы сияқты филогенетикалық бағдарламаланған онтогенез деп

                                     12

⇐ МАЗМҰНЫ
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17