Page 10 - index
P. 10

КІРІСПЕ

   «Экономикалық теория» оқулығы Л. Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің Экономикалық теория кафедрасы
оқытушыларының бірқатар жылдар бойы оқып келе жатқан дәріс
курсының және тәжірибелік сабақтарының негізінде дайындалған.

   Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барлық тұрпаттарының
бүгінгі жағдайы мен даму үрдістерін ашып көрсететін қазіргі
экономикалық теорияны баяндау осы аталған оқулықтың негізі болып
табылады. ХХІ ғасыр жекелеген елдердің ішіндегі және әлемдік
масштабтағы барлық экономикалық қатынастар құрылымының
маңызды түрде өзгеруімен сипатталады. Экономикалық қатынастар
бара-бара өркениеттік және әлеуметтік бағытталған сипатқа ие болып
отыр. Дамыған елдерде аралас экономика және халық шаруашылығын
басқарудың жаңа жүйесі қалыптасқан, мұнда мемлекет көптеген
әлеуметтік-экономикалық қызметтерді орындайды. Қазақстан және
бұрынғы социалистік мемлекеттер 20 жылдан астам уақыттан бері өз
экономикаларының жаңа ұлттық құрылымдарын жасай алды.

   Оқулықта экономикалық ой-пікірлердің өткенгі және қазіргі
дамуының барлық жетістіктерін жалпылама түрде көрсететін
экономикалық теорияның пәніне деген қазіргі заманғы көзқарас
сипатталады. Оқулық көптеген аса көрнекті ойшылдардың эконо­
микалық ілімдер тарихынан сыр шертеді. Онда олардың жетістіктері
мен шешілмеген мәселелері көрсетілген экономикалық теорияның
негізгі бағыттары қарастырылған.

   Оқулықта экономикалық өмірдің барлық жақтарын қамтитын
көптеген мәселелерді шешудің жаңа теориялық әзірленімдері
көрсетілген. Оларға, жекелеген тұрғыдан алып қарағанда, өндіріс пен
тұтыну дамуының үш сатысы (индустрияға дейінгі, индустриалдық
және индустриядан кейінгі) туралы бөлімдер, меншік категориясының
экономикалық мағынадағы тұрпаттары, еркін нарықтық экономикада
табыстарды бөлу мәселелері жатады. Қазіргі нарықтық экономиканың
негізгі сұрақтары – нарықтар жүйесінің сипаттамасы мен типтеріне,
әлеуметтік институт ретіндегі нарықтың анықтамасына, бәсекелестік
күрес тәртіптерінің ережелеріне және монополист-фирмалардың
мінез-құлықтарына, монополиялық қызмет пен бәсекелестікті
мемлекеттік реттеудің тәжірибесін талдауға аса маңызды түрде көңіл
бөлінген.

   Сонымен қатар, оқулықта қазақстандық экономиканың қазіргі

           10

⇐ МАЗМҰНЫ
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15