Page 11 - index
P. 11

жағдайына ерекше назар аударылғандығын да атап өткен жөн. Меншік
қатынастарын өзгерткен, нарықтық экономиканы қалыптастырған,
шаруашылық құрылымды қайта құрған және экономиканы басқаруды
жетілдіре түскен экономикалық реформалардың объективтік
қажеттілігі, мазмұны және жүзеге асырылуы ашып көрсетілген.
Сондай-ақ, жалақы деңгейі мен қарқыны туралы мәселелер, инфляция,
жұмыссыздық, экономикалық дағдарыс, бюджет және Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да жақтарына қатысты
мәселелер қарастырылған, экономикалық байланыстардың тәжірибелік
ұйымдастырылуына маңызды орын берілген. Коммерциялық іс-
әрекеттің қағидалары, кәсіпкерліктің қызметтері, өндірістік және
сауда фирмаларында, банк ісінде пайда табудың және оны бөлудің
тетіктері, жалақыны ұйымдастырудың нысандары, менеджмент
пен фирманы басқарудың әдістері және басқалары қарастырылған.
Осылардың барлығы аса күрделі экономикалық жағдайларда болашақ
мамандардың тәжірибелік жұмыстары үшін өте қажетті болып
табылады.

   Оқулықтың барлық тақырыптарында соңғы нақты материалдар
мен статистикалық мәліметтер берілген. Көптеген әлемдік және
отандық белгілі ғалым-экономистердің еңбектері, соның ішінде
Нобель сыйлығы лауреаттарының еңбектері кеңінен пайдаланылған.

   Жалпыға мемлекеттік білім берудің стандарттарына сәйкес
оқулықта дәріс курстарының және тәжірибелік сабақтарды жүргізудің
тақырыптары, сондай-ақ, қосымша машықтандыру тапсырмалары
және тест сұрақтары ұсынылған.

   Авторлар осы оқулықты жақсарту бойынша сыни ескертулер мен
ұсыныстарға алдын ала өз алғыстарын білдіреді.

           11

⇐ МАЗМҰНЫ
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16