Page 98 - index
P. 98

5.4-сурет. Ұсыныс қисығының өзгеруі

   Сонымен, ұсынысқа бағалық фактор әсер еткенде ұсыныс көлемі,
бағалық емес факторлар әсер еткенде ұсыныстың өзі өзгереді.
Сондықтан ұсыныс көлемінің өзгеруі мен ұсыныстың өзгеруін
шатастырмау қажет.

   Сұраныс пен ұсыныс тарапынан сатып алушылар мен сатушылар­
дың ортақ мүдделерінің келістірілуі нарықтық тепе-теңдіктің
орнауына алып келеді.

   Нарықтық тепе-теңдік – берілген баға бойынша игіліктерге
деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған
кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Нарықтық
тепе-теңдіктің қалыптасуы үшін тепе-теңдік баға және тепе-теңдік
көлем қажет. Тепе-теңдік баға – сатып алушылар мен сатушылардың
өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын
теңестіретін ортақ баға. Тепе-теңдік көлем – сатып алушылар мен
сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен
ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі.

   Сұраныс пен ұсыныстың өзара әсерлесуін сипаттайтын нарықтық
тепе-теңдікті төмендегі сурет сипаттайды.

           5.5-сурет. Нарықтық тепе-теңдік
                            98

⇐ МАЗМҰНЫ
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103