Page 125 - index
P. 125

монополиялық билік нарықты жаулап алу, нарықты бөлісу мен
бағалар туралы ашық және құпия келісімдерге бару, жасанды тауар
тапшылығын жасау сияқты әрекеттерден орын алады. Монополияға
қарсы заңдылық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін іскерлік
белсенділік пен бәсекелестікті шектейтін осындай әрекеттердің қанат
жаюына жол бермеуге бағытталады.

   Монополияға қарсы бағытталатын заңдар әр елде әртүрлі болып
табылады және олардың өзіне ерекшеліктері де бар. Мұндай
ерекшеліктер мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қатысты
экономикалық жағдайларының айырмашылықтарын көрсетеді.

   Монополияға (тресттерге) қарсы жасалған ең алғашқы заңдылық­
тар АҚШ-та орын алды. Олар негізгі үш заңдылықтан құралып, «үш
кит» деген атауға ие болды:

   1. Шерман заңы (1890 ж.). Бұл заңмен сауданы құпия моно­
полизациялауға тыйым салынады, кез келген салаға және бағалар
туралы келісімдерге бақылау орнатылады.

   2. Клейтон заңы (1914 ж.). Бұл заң бағалық дискриминацияға
(кейбір жағдайларда қалыптасқан бәсекенің қалыптасқан ерекше­
лігіне қарай), өткізу саласында іскерлік белсенділіктің шектелуіне,
бірігудің белгілі бір түрлеріне, басшылардың өзара байласуына тыйым
салады.

   3. Робинсон-Пэтмэн заңы (1936 ж.). Бұл заң сауда саласында
іскерлік белсенділіктің шектелуіне, соның ішінде, бағалық
дискриминацияға тыйым салады.

   1950 жылы Клейтон заңына Селлер-Кефовер түзетуі қабылданды:
заңсыз бірігудің түсінігі нақтыланды. Яғни активтерді сатып алу
жолымен бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңы ірі фирмалар­
дың көлденең бірігуіне тосқауыл қойса, онда Селлер-Кефовер түзетуі
тігінен бірігуді (мысалы, өндіріс – өнімді өткізу) шектеді.

   Еуропалық мемлекеттердің көбінде ұзақ уақыт бойы анти­
монополиялық заңдылықтар мүлдем болмады. Қабылданған бірқатар
заңдар тәжірибеде өте сирек қолданылып, жеке немесе ұжымдық
нарықтық билікті асыра пайдаланушыларға ғана бағытталды.
Еуропалық мемлекеттердің үкіметтері оларда өндірістердің шоғыр­
лану деңгейі АҚШ-қа қарағанда төмен деп болжады. Сондықтан
Еуропада шоғырлану үдерісіне және картельдердің қалыптасуына
жол берілді.

   Антимонополиялық саясат нарықтық айырбасқа қатысушылардың
арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталады. Мұндай реттеудің

           125

⇐ МАЗМҰНЫ
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130