Page 126 - index
P. 126

екі бағыты орын алады: 1) іскерлік тәртіптің белгілі бір әділетсіз
түрлерін шектеу немесе тыйым салу; 2) бәсекелестік нарықтық
құрылымды қалыптастыру.

   Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан
реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше
тәсілдері бар, яғни монополиялық билікті қысқартудың негізгі
тәсілдері төмендегілер болып табылады:

   1. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап
шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне қарсы бағытталған
шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың
бірігуіне, бәсекелестікті әлсіретуге, монополияны орнатуға, яғни
олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды
реттеу.

   2. Табиғи монополияларды мемлекет тарапынан реттеу (тіке­
лей және жанама).

   3. Мемлекеттік меншікті қалыптастыру, яғни жеке иеліктегі
табиғи монополияны реттеудің орнына, мемлекет өзі монополияны
иемденуші бола бастайды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, пайдаға
ұмтылу – фирманы кәсіби басқарудағы тіректі кепіл болып табылады.

   Сонымен, монополиялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеу
салалық ұсынысты ұлғайту мақсатында жүзеге асырылады және ол
монополиялық әрекеттерді жоюға бағытталған құқықтық нормалар,
монополияның нарықтық билікті жүзеге асыру мүмкіндіктерін
шектейтін экономикалық іс-шаралар сияқты әдістер арқылы
жүргізіледі.

                                Әдебиеттер тізімі

1.	 ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазақстан
   жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 2014 ж. 17 қаңтар.

2.	 ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазақ­
   стан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
   бағыты», 2012 ж. 14 желтоқсан.

3.	 ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы:
   «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының
   басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

4.	 Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Микроэкономика: экономика­
   лық мамандықтарға арналған оқулық / – 2-басылым, өңделген және
   толықтырылған. – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
   университеті, 2012. – 321 бет.

                                              126

⇐ МАЗМҰНЫ
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131