Page 123 - index
P. 123

Қысқа мерзімдегі нарықтық (салалық) ұсыныс бағаның әрбір жеке
деңгейінде жекелеген фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс көлемдерін
көлденеңінен қосу арқылы анықталады. Салалық ұсыныстың ұзақ
мерзімдегі қисығы өндіріс факторларына деген бағалардың өзгеруіне
байланысты қалыптасады және оның көлбеулігі мынадай болуы
мүмкін: а) көлденең түзу сызықты, егер өндіріс факторларының
бағалары салалық шығарылым көлемін кеңейту кезінде өзгеріссіз
қалса; ә) жоғары бағытталған өспелі қисық түрінде, егер факторлар­
дың бағалары өссе; б) төмен бағытталған кемімелі қисық түрінде
болуы мүмкін, егер өндіріс факторларының бағалары төмендейтін
болса. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етудің мынадай шарттарының
орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жетілген бәсеке жағдайындағы
фирма баға шекті шығындарға және де өндірістің ұзақ мерзімдегі
минималды орташа шығындарына тең болғандағы сату көлемін
таңдайды. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етуді қамтамасыз етудің аса
тиімді әдісі болып табылады, яғни бұл жерде өндірістік ресурстарды
аса ұтымды түрде пайдалану жүзеге асырылады және өндіріс үрдісі
ең аз шығындармен және аса арзан тәсілдермен орындалады.

   Монополия жағдайында фирманың билік жүргізуінің көзі болып
нарыққа бақылау жасай алуы табылады, ол нарықты бақылау арқылы
өзінің өндіріс көлемін реттей отырып, нарықтық бағаға әсер ете
алады. Монополия жағдайында минималды орташа шығындармен
өндіруге ынталандыратын нарықтық күштер болмағандықтан,
монополист өндірістің кез келген көлемін таңдай алады. Пайданы
максимизациялау ережесіне жүгіне отырып, монополист шекті табыс
өндірістің шекті шығындарына тең болғандағы өндіріс көлемін
таңдайды. Бұл жағдайда, сұраныс қисығының көлбеулігін ескере
отырып, монополист бағаны бір өнімге кететін шекті шығындардан
жоғары етіп тағайындайды, яғни осы баға оның өніміне деген сұраныс
икемділігіне кері пропорционалды болып табылады. Монополистің
өндіріс көлемі туралы шешім қабылдауы шекті түсім қисығының
сипатын анықтайтын сұраныс икемділігінің өзгеруіне байланысты
болса, онда баға мен ұсыныс көлемі арасында арақатынас орын
алмайды, сондықтан монополия жағдайында ұсыныс қисығы
болмайды. Әртүрлі тең жағдайларда монополистің ұсыныс көлемі
жетілген бәсекелес фирмаға қарағанда төмен, ал бір өнімге деген
монополиялық баға жетілген бәсекелес фирманың бағасына қарағанда
жоғары болып табылады, осының салдарынан қоғамдың әл-ауқаты
төмендейді.

           123

⇐ МАЗМҰНЫ
   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128