Page 124 - index
P. 124

Монополистік бәсеке жағдайында фирма пайданы максимал­
дауды басшылыққа алатын болса, онда ол шығарылым көлемін
өндірістің шекті шығындары оның шекті табысына тең болған кезде
оңтайл­ андыруы қажет. Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс
істейтін фирма өнімінің бағасы қысқа мерзімде оның орташа өзгермелі
шығындарын және ұзақ мерзімді кезең үшін ұзақ мерзімді орташа
шығындарды жауып отырғанша дейін шығарылым көлемін жүзеге
асыра береді. Монополистік бәсеке жағдайында фирманың және
саланың ұзақ мерзімдік тепе-теңдігі тауарды өндірістің ұзақ мерзімді
орташа шығындарға тең болғандағы бағамен сатқанда орындалады,
бұл салалық тосқауылдардың төмен болуына орай бәсекенің орын
алуына себепші болып табылады. Сондықтанда фирма ұзақ мерзімдік
тепе-теңдік жағдайында бола отырып, экономикалық пайда алу
мүмкіндігінен айрылады. Монополистік бәсеке жағдайындағы
фирмалар өз өніміне деген сұраныс қисықтарының көлбеулігімен
санасады десек, онда олардың ұзақ мерзімдік тепе-теңдікке жетуі
нарықтық бағалардың шекті шығындардан және өндірістің ұзақ
мерзімді минималды орташа шығындарынан жоғары болуы кезінде
қамтамасыз етіледі, ал бұл өз кезегінде артық өндіріс қуатының
болуын сипаттайды.

   Олигополия жағдайында фирмалар салалық пайда максималды
болатындай шығарылым көлемін қамтамасыз етуді өз алдына
мақсат етіп қояды. Өзара әрекеттесудің өзі кооперативтік стратегия
формасында жүзеге асуы мүмкін, яғни бұл жағдайда бірігу
фирмалардың баға мен өндіріс көлемі туралы өзара келісімге
келуі арқылы қол жеткізіледі және әрекет ету кооперативтік емес
стратегияны қолдану кезінде орын алуы мүмкін, яғни бұл жағдайдағы
координация бәсекелік әдістер жолымен жүзеге асырылады.
Кооперативтік іс-әрекеттер кезінде фирмалар біртұтас монополия
ретінде мінез-құлық танытып, бағаны жоғары белгілейді және өнім
көлемін де тым шектейді. Ал кооперативтік емес іс-әрекет кезінде
фирмалардың мінез-құлқы жетілген бәсекеге ұқсас болып келеді
және олардың пайдасы да кооперативтікке қарағанда төмен болады.

           6.5. Монополияға қарсы саясат

   ХІХ ғасырдың аяғында Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде,
ең алдымен, АҚШ-та монополиялық күштерге белгілі тосқауылдар
қоюдың қажеттілігі мойындала бастады. Біз білетініміздей,

           124

⇐ МАЗМҰНЫ
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129