Page 121 - index
P. 121

Олигополия нарығы моделінің түрлері:
   1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа
шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше
фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.
   2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты)
өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған
бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын
олигополия нарығының бір түрі.
   3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия –
нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль,
тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын
сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.
   Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:
    1.	 Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес;
    2.	 Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады,

        сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады;
    3.	 Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай

        бағытталған болады;
    4.	 Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір-бірімен

        тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен
        өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің
        ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады;
    5.	 Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер
        қойылады.
   Жалпы өзара байланыстың салдары:
   1) сұранысты бағалау қиындығы;
   2) шекті түсімді анықтауға болмайды;
   3) тепе-теңдік баға (P*) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q*) анықтау
мүмкіндігі жоқ.
   Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің
көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс-
әрекет модельдеріне бөлінеді.
   Кооперативтік емес іс-әрекет – бұл әрбір жеке олигополист-
фирмалардың бәсекелестерінің ықтимал шешімдері мен реакцияларын
ескере отырып, баға мен өнім көлемі туралы мәселелерді өз бетінше
дербес шешуін сипаттайтын бірікпеген қимылдары.
   Кооперативтік іс-әрекет – бұл саладағы олигополист-фирмалардың
біртұтас монополия құру мақсатымен баға, өнім көлемі және ықтимал
пайда туралы мәселелерді өзара бірігіп шешуін сипаттайтын

қимылдары.

           121

⇐ МАЗМҰНЫ
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126