Page 143 - index
P. 143

Өндіріс үдерісінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айна­
лады және ол үстеме құн (қосымша пайда) өндіру қызметін атқарады:

                                                ... Т’ – А’

   Дайын тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізгеннен соң
кәсіпкердің қарамағына пайда ретінде түседі. Бұл сатыда тауарлық
капитал тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауарлық
капиталдың қызметі – үстеме құнды жасау және сату.

   Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын
капиталдың ауыспалы айналымы деп атайды. Капиталдың
ауыспалы айналымы қосымша пайда табуды көздейді:

                                               d = A’ – A.

   Мұнда, А – бастапқы жұмсалған капитал; d – үстеме құн.
   Өндіріске құйылған бастапқы капиталдың барлық қозғалысының
түгелдей бір цикл бойы айналып шығуын капиталдың толық
айналымы деп атайды.
   Капиталдың толық айналымы мен ауыспалы айналымы бір-біріне
сәйкес келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде
кәсіпкерге ақшалай формада бастапқы капиталдың тек бір бөлшегі
ғана қайтып келеді, барлық капиталдық құн өз иесіне тек өзінің
бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде ғана капитал
толық айналым жасайды.
   Капиталдың осындай түрлерінің айналымы әрқашанда бірдей
жүрмейді. Капитал құнының айналымдағы әрқилы қызметтеріне
байланысты капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.
   Негізгі капитал – бұл өндірістік үдеріске толық қатысатын, бірақ
өзінің құнын дайын өнімге бірте-бірте ауыстыратын және меншік
иесіне ақшалай формада біртіндеп қайтып оралатын капитал. Негізгі
капиталға құрал-жабдықтар, саймандар, машиналар, станоктар,
өндірістік ғимараттар, құрылыстардың түрлері және тағы басқалары
жатады.
   Айналмалы капитал – бұл өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып
табылатын, өзінің құнын дайын өнімге бірден ауыстыратын және
әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында ақшалай формада тұтас
қайтатын капитал. Айналмалы капиталға шикізат, отын, материалдар,
басқалары жатады.
   Негізгі капитал айналмалы капиталға қарағанда материалдық
(физикалық) және моральдік (сапалық) тозуға ұшырайды.

           143

⇐ МАЗМҰНЫ
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148