Page 145 - index
P. 145

ҚҚ = ТӨ / ҚО .

   Мұнда, ТӨ – теңгемен есептегенде бір жыл ішінде өндірілген таза
өнімнің тауарлы немесе атаулы құны; ҚО – теңгемен есептегенде
негізгі капитал қорының орташа жылдық құны.

   Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы көлем­
ін (ТӨ) 198 мың теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың орташа
жылдық құны (ҚО) 180 мың теңгені құрады. Қор қайтарымдылығы
көрсеткіші қаншаға тең?

   Шешімі: 198 мың / 180 мың = 1,10 теңге.
   2. Қор сиымдылығы. Қор қайтарымдылығы шамасына кері
көрсеткіш болып табылады және ол негізгі капитал қорының бір өнім
өлшеміне шаққандағы құнымен анықталады (теңгемен есептегенде):

                                   ҚС = ҚО / ТӨ .

   Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы
көлемін (ТӨ) 198 мың теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың
орташа жылдық құны (ҚО) 180 мың теңгені құрады. Қор сиымдылығы
қаншаға тең?

   Шешімі: 180 мың / 198 мың = 0,91 теңге.
   3. Қормен қарулану (Ққ) – бұл көрсеткіш ақшалай немесе
ақшалай емес бірлік деңгейіндегі негізгі өндіріс қорларымен
жабдықталу дәрежесі. Оны негізгі өндірістік қор құнының көлемін,
орташа жылдық өнеркәсіп өндірісінде істейтін жұмысшылар санына
қатынасы арқылы анықтайды.

                                  Ққ = ҚО / Жс .

   Мысалы: Кәсіпорында негізгі капитал қорының орташа жылдық
құны 180 мың теңгені құрайды, ал орта тізімдегі өнеркәсіптік өндіріс
жұмысшыларының саны 600 адам болды. Қормен қарулану көрсеткіші
қаншаға тең?

   Шешімі: 180 мың / 600 = 300 мың теңге.
   Айналмалы капиталдың көрсеткіштері:
   1. Айналмалы капитал қаражатының айналу коэффициенті:
   Кайналым = Ө / Қ .
   Мұнда, Ө – белгілі бір кезеңдегі өнімнің сатылу құны (сатудан
түскен түсім); Қ – сол кезеңдегі айналмалы капитал қаражатының
орташа қалдығы.
   Егер сатудан түскен түсім бір жылда 200 млн. теңгені құраса, ал
айналым қаражатының орташа қалдығы 40 млн. теңге болса, онда
айналу коэффициенті 5-ке тең болады:

           145

⇐ МАЗМҰНЫ
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150