Page 146 - index
P. 146

Кайналым = 200 / 40 = 5.

   Демек, бір жылдағы айналым қаражатына салынған әр теңге 5 рет
айналысқа түскен.

   2. Айналым қаражатын бекіту коэффициенті:

                           Кбекіту = 1 / Кайналым .
Келтірілген мысал бойынша:

                             Кбекіту = 40 / 200 = 0,20.

   Бұл тауарды сатқаннан кейінгі түсімнің 1 теңгесіне шаққандағы
айналым қаражатының орташа қалдық сомасын анықтайды, мысал
бойынша ол 20 тиынға тең.

   3. Материал қайтарымдылығы:

                            МҚ = Өндіріс / М

Мұнда, Өндіріс – өндіріс көлемі; М – шикізат, отын, энергия, т.б.
4. Материал сиымдылығы:

                                МС = М / Өндіріс.

   Бұл көрсеткіш материал қайтарымдылығы шамасына кері
көрсеткіш болып табылады.

   Кез келген кәсіпкер үшін өз капиталының үнемі қорланып отыруы
өте маңызды болып табылады. Капиталдың қорлануы екі түрде жүзеге
асады:

   1) капиталдың шоғырлануы – бұл үстеме құн есебінен капитал
мөлшерінің өсуі;

   2) капиталдың орталықтануы – бұл капиталдың бірнеше жолмен
ірілену үдерісі.

   Өндірістік тәжірибеде капиталдың қорлануы өндіріске инвестиция
(күрделі қаржы) тартумен жүзеге асырылады. Инвестиция – бұл
кәсіпкердің ұзақ мерзімді кезеңде пайда табу мақсатында негізгі
капиталға, жаңа құрылысқа, құрал-жабдықтарға, кәсіпорынның
өндірістік ауқымын ұлғайтуға, өндірісті техникалық қайта жабдық­
тауға, тұрғын үйге күрделі қаржы құюы.

   Инвестицияның қайнар көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың
пайдалары, ірі банктердің еркін ақша қорлары, тұрғындардың жинаған
ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры жатады. Ал инвестиция салуд­ ың
артықшылықтарына жұмыссыздықтың жойылуын, ұлттық табыстың
ұлғаюын, өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуды жатқызады.

           146

⇐ МАЗМҰНЫ
   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151