Page 160 - index
P. 160

4. Заң жүйесінің көмегімен меншік құқығын және оның тәртібін
қорғауға жұмсалған шығындар;

   5. Нарықта ойланбай жасалған (оппортунистік мінез-құлық)
әрекеттерден болған шығындар.

8.2. Шығындардың түрлері. Фирманың шығындарын барынша
                                 азайту мәселесі

   Өндіріс шығындары – бұл фирманың өндіріс факторларын
тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалым­
дардың ақшалай көрінісі.

   Фирманың шығындарына деген бухгалтерлік және экономикалық
көзқарастар қалыптасқан. Фирма қызметіндегі капитал айналымы
өткен уақытпен бағалануы мүмкін. Мұндай жағдайда шығындарды
анықтаудың бухгалтерлік бағыты орын алады. Бухгалтерлік
шығындар фирма қызметінің нәтижесін шығарумен, айқын
қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады.
Сонымен қатар, капитал айналымы фирманың болашағы тұрғысынан
да қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде экономикалық шығындар пайда
болады. Экономикалық шығындар фирма қызметінде қолда­
нылат­ ын өндіріс факторларын алдағы уақытта балама жолдармен
қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көрсетеді.

   Бухгалтерлік шығындарға амортизация, материалдық шығындар,
еңбекақыға кеткен шығындар, әлеуметтік сақтандыру шығындары
жатады және олар фирманың есеп берулерінде көрсетіліп айқын
шығындар сипатына ие болады. Ал экономикалық шығындардың
бухгалтерлік шығындардан басты айырмашылығы болып фирманың
қарамағындағы құралдардың әртүрлі нұсқаларда қолданылуы
табылады. Экономикалық шығындарға қатысты қарайтын болсақ,
фирмада әрқашанда таңдау болады, яғни қолда бар қаржысын өндіріс­ке
салып қосымша пайда көре алады немесе сол қаржысын банкке салып
одан пайыз түрінде де пайда таба алады. Бірақ бұл жерде капиталдың
бірдей жұмсалуының нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтанда
экономикалық есептеулер жүйесінде баламалы шығындар орын
алады. Баламалы шығындар немесе таңдау шығындары – бұл
ресурстарды пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерін жіберіп алумен
байланысты шығындар. Мысал ретінде түсіндіретін болсақ, фирма
ресурстарды сырттан еркін түрде сатып алуы мүмкін («айқын»
ақшалай шығындар), ал ресурстардың басқа бір бөлігі фирманың

меншігі ретінде өз ішінен шығуы мүмкін («айқын емес» шығындар).

           160

⇐ МАЗМҰНЫ
   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165