Page 158 - index
P. 158

8-тақырып

               Фирманың өндіріс шығындары мен
                                     табыстары

   Мақсаты: фирма шығындарының және табыстарының түрлерін
қарастыру, пайданың түрлерін атау, өндіріс шығындарын азайту және
пайданы арттыру ережелерін түсіндіру.

   Талқылау сұрақтары:

   8.1.	 Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық шығын­
          дар;

   8.2.	 Шығындардың түрлері. Фирманың шығындарын барынша
          азайту мәселесі;

   8.3.	 Фирманың табыстары және оның түрлері;
   8.4.	 Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың пайдасын

          барынша арттыру мәселесі.

   Негізгі ұғымдар: шығындар, айқын шығындар, айқын емес
шығындар, тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар, жалпы
шығындар, орташа шығындар, шекті шығындар, трансакциондық
шығындар, табыс, жалпы табыс, орташа табыс, шекті табыс, пайда,
экономикалық пайда, бухгалтерлік пайда, қалыпты пайда, т.б.

8.1. Өндіріс шығындарының теориясы. Трансакциондық
                               шығындар

   Шығындар және өндіріс шығындары ұғымы экономикалық
теория ұғымдарының ішінде ерекше, аса маңызды рөлді атқарады,
өйткені олар бәсекелестік ортада фирма қызметінің тағдырына,
оның көлеміне, болашақ дамуына, және соңында табысы мен пайда
мөлшеріне тікелей әсер етеді.

   Шығындар, ең алдымен өндіріс шығындары туралы теориялық
көзқарастар классикалық саяси экономияның негізгі өкілдері А.
Смит пен Д. Рикардоның зерттеулерінде кездеседі. Смит абсолютті
шығындар тұжырымдамасын, Рикардо салыстырмалы шығындар
тұжырымдамасын енгізген. Олар өндіріс шығындарын өнімнің жеке
бірлігін жасауға кеткен қоғамдық қажетті еңбектің орташа шамасымен
байланыстырады.

   Марксизм теориясы өндіріс шығындарын кеңінен зерттеді. Бұл
теорияның басты өкілі К. Маркс өзінің «Капитал» атты еңбегінде

           158

⇐ МАЗМҰНЫ
   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162   163