Page 185 - index
P. 185

өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар
жүзеге асырады.

   Қазіргі экономикалық теорияда жер категориясы ауылшаруа­
шылықтық және ауылшаруашылықтық емес мақсаттарда қолда­
нылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы
ретінде сипатталады. Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын
жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды.
Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады:
жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің
нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы,
рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б.
Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші
өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң
ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу
мүмкіндігі, т.б. Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады:
мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін
Жер-ана атқарады.

   Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы
және ерекшелігі мыналардан көрінеді:

    1.	 Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады;
    2.	 Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады;
    3.	 Жердің қозғалмайтындық сипатта болады;
    4.	 Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез келген түрінде қолда­

        ныла береді;
    5.	 Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады.
   Сонымен, жердің саны және оның ұсынысы шектеулі болғандық­
тан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс атқаарады.
   Жерге деген сұраныс – бұл белгілі бір мақсаттарда жер
учаскелерін уақытша жалға алып пайдалануды немесе оны сатып
алуды білдіретін қатынастар. Жерге сұраныс біркелкі болмайды, себебі
ол ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылықтық емес сұраныстар
болып бөлінеді. Алдымен, жерге сұраныс ауылшаруашылық
өнімдеріне деген сұраныстан туындайды. Ал ауылшаруашылықтық
емес сұраныс тұрғын үйлерді, инфрақұрылым нысандарын, өндірістік
ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін қажетті сұраныстармен
байланысты.
   Жердің ұсынысы – бұл жер учаскесін оның қалыпты күйінде

нарықтық қатынастар тұрғысынан сата алуын және немесе жалға

беруін білдіретін қатынастар. Жердің ұсынысын мынадай екі негізгі

фактор анықтайды:

           185

⇐ МАЗМҰНЫ
   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190