Page 245 - index
P. 245

қаржы қарастырылды. Үкімет осы категориядағы қазақстандықтар­
дың өмір сүру деңгейін төмендетіп алмау үшін бюджет баптарын
қосымша қайта қарап отыруға тапсырма алды. Тұтыну нарығындағы
бағаларды реттеп отыру бойынша шаралар күшейтілді, халық жалпы
тұтынатын тауарларды жеткізушілерге бағалардың негізсіз өсуіне жол
бермеу міндеттері жүктелді.

12.2. Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері,
         факторлары, негізгі үлгілері

   Жалпы ұлттық (ішкі) өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке
табыс сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық
өсудің нәтижесінде орын алады.

   Экономикалық өсу – бұл ұлттық шаруашылықтың адамдардың
қажетті-ліктерін қанағаттандыратын өнімдерді өндіру қабілеттілігі
мен мүмкіндігінің ұлғаюы. Қазіргі уақытта, экономикалық өсудің
шешуші факторы болып инвестициялар табылады.

   Экономикалық өсу негізгі екі әдіспен өлшенеді:
   1) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт
аралығында өсуі;
   2) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт
аралығында жан басына шаққандағы өсуі.
   Экономикалық өсу әдетте, пайызбен жылдық өсу қарқынымен
өлшенеді. Мысалы, егер нақты жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200
млрд. долларды және осы жылы 210 млрд. долларды құраса, онда
жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны 210 – 200 / 200 × 100% = 5% тең
болады:
   Экономикалық өсу қоғамның өркендеуінің аса маңызды мақсаты
болып табылады, өйткені сол арқылы экономикалық және әлеуметтік
жетістіктерге жетуге болады. Экономикалық өсудің өлшемі ретінде
қосылған құнды көбейту, өндірісті кеңейту, ғылым мен мәдениетті
дамыту сияқты көрсеткіштер саналады. Экономикалық өсу
арқылы қоғамның даму болашағын болжауға болады. Бұдан басқа,
экономикалық өсу ресурстардың шектеулілігі мәселесін шешуге
жағдайлар жасайды.
   Әлеуметтік жағынан дамудың ең жоғары өлшемі болып адамның
тұлға ретінде дамуы, оның материалдық және рухани қажеттіліктері­
нің қанағаттан-дырылуы табылады. Өскелең экономика қоғамның
жаңаша қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндігіне және

           245

⇐ МАЗМҰНЫ
   240   241   242   243   244   245   246   247   248   249   250