Page 274 - index
P. 274

өссе, онда нақты табыс осы жылдарда қанша пайызға өзгеретіндігін
анықтаңыз.

   в) Егер атаулы табыс екінші және үшінші жылдарда 25 мың
долларға тең болса, онда осы жылдарда нақты табыстың абсолюттік
шамасы қаншаға өзгеретіндігін анықтаңыз.

   г) Егер несие бойынша атаулы пайыз мөлшерлемесі екінші жылы
14%-ға және үшінші жылы 18%-ға тең болса, онда сәйкес жылдарға
пайыз мөлшерлемесінің нақты деңгейлерін анықтаңыз.

   6. Тест тапсырмалары:
1.	 Қайта жұмыс табамын деп үміттеніп жүрген адам:

    А) Жұмыссыздар қатарына жатады
    В) Жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады
    С) Жұмыс күші құрамында ескерілмейді
    D) Толық жұмыспен қамтылмағандар қатарына жатады
    Е) Жұмыстан күдерін үзгендер қатарына жатады
2.	 Баға деңгейі мен табысқа қатаң бақылау жасау – бұл:
    А)	Ашық инфляция В) Жасырын инфляция С) Сұраныс инфля­

        циясы
    D) Шығындар инфляциясы Е) Күтілетін инфляция
3.	 Жұмысбасты адам категориясына кім кірмейді:
    А) Толық емес жұмыс аптасында қызмет еткен бухгалтер
    В) Ауру адамды қамқорлауға көмектесетін қызметкер
    С) Газет-журнал сатып, ақша табатын жасөспірім
    D) Университеттің кешкі бөлімінде оқитын студент
    E) Тұмаумен ауырып қалған сатушы
4.	 Бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуін не деп атаймыз:
    А) Инфляция В) Дефляция С) Дезинфляция
    D) Стагфляция Е) Стагнация
5.	Ұшқыр инфляция дегеніміз – бұл:
    А)	Өндіріс шығындарының өсуінен пайда болатын инфляция
    В)	«Aқшадан қашуды» туғызатын, өте жылдам қарқынды

        инфляция
    С)	Табысты алушымен болжанатын инфляция
    D)	Белгілі бір тауарларға бағаның жасанды өсуімен сипатталатын

        инфляция
    E)	ЖҰӨ-нің өзгермейтін көлемі кезіндегі артық сұраныстан пайда

        болатын инфляция

           274

⇐ МАЗМҰНЫ
   269   270   271   272   273   274   275   276   277   278   279