Page 273 - index
P. 273

1) Жұмыссыздық туралы негізгі теориялар.
   2) Қазақстандағы 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі
жұмыссыздық деңгейі және оның ерекшеліктері.
   3) Қазақстандағы 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі
инфляция қарқыны және оның ерекшеліктері.
   4) Кедейшілік мәселесі және оның көрсеткіштері.

   5. Есептер:
   1. Экономикада келесідей мәліметтер берілген:
   Жұмыспен қамтылғандар саны 85 млн. адам.
   Жұмыссыздар саны 15 млн. адам.
   а) жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз.
   ә) бір ай өткен соң жұмыспен қамтылған 85 млн. адамның ішінен
0,5 млн. адам жұмыстан шықты; ал ресми жұмыссыздар ретінде
тіркелгендердің ішінен 1 млн. адам жұмыс іздеуді тоқтатты. Енді
осыларға қарап, 1) жұмыспен қамтылғандар санын; 2) жұмыссыздар
санын; 3) жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз.

   2. Атаулы ЖІӨ = 750 млрд. доллар, жұмыссыздықтың табиғи
деңг­ ейі = 5%, жұмыссыздықтың нақты деңгейі = 9%. Елде
ақшалай нысанда өнімнің қандай көлемі өндірілмей қалды? (Оукен
коэффициенті = 2,5).

   3. Мәжбүрлі жұмыссыздық мөлшерін анықтаңыздар, елдің халық
саны 30 млн. адам, олардың 10 млн-ы – жұмысқа қабілетсіздер мен
балалар. Жұмыссыздық деңгейі 7 %, ал табиғи жұмыссыздық – 5 %.

   4. Төмендегі кестеде жылдар бойынша бағалар индексі берілген:

Жылдар     Бағалар индексі  Инфляция қарқыны (пайызбен)
    1            100,00
    2            112,00
    3            123,00
    4            129,00

   а) Әрбір жылға инфляция қарқынын есептеңіз.
   ә) «70 шамасы ережесін» қолдана отырып, бағалар деңгейінің
екі еселенуі үшін қажетті жылдар санын анықтаңыз (ол үшін әрбір
жылдағы инфляция қарқынын қолданыңыз).
   б) Егер екінші жылы бірінші жылмен салыстырғанда атаулы табыс
15%-ға және үшінші жылы екінші жылмен салыстырғанда 7%-ға

           273

⇐ МАЗМҰНЫ
   268   269   270   271   272   273   274   275   276   277   278