Page 272 - index
P. 272

11.	Инфляцияның түрлері қандай?
12.	Инфляцияның қоғамға тигізетін зардаптары қандай?
13.	Инфляция мен жұмыссыздықтың арасында қандай байланыс бар?
14.	Инфляцияға қарсы саясат шаралары қандай?

                      Тәжірибе сабағының жоспары:

   Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.

   Мақсаты: макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі белгі­
леріне, соның ішінде, жұмыссыздық пен инфляция мәселесіне,
олардың отандық экономикада реттелу жолдарына тоқталу. Ол үшін
тәжірибе сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін
ашу керек:

   13.1.	Жұмыссыздық: мәні, пайда болу себептері, түрлері, зардап­
          тары, оған қарсы күрес шаралары. Оукен заңы;

   13.2.	Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, әлеуметтік-
          экономикалық салдарлары;

   13.3.	Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс. Филлипс
          қисық сызығы;

   13.4.	Инфляцияға қарсы саясат.

                      Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Қазақстандағы жұмыспен қамту саясаты;
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат;
Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі көрсеткіштері;
Гиперинфляция теориясы және оның әлемдік реттелу мәселелері;
Филлипс теориясы және инфляциялық күтімдер.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

           272

⇐ МАЗМҰНЫ
   267   268   269   270   271   272   273   274   275   276   277