Page 276 - index
P. 276

13.	Оукен заңы бойынша:
    А)	Нақты ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасында кері
        тәуелділік болады.
    В)	Номиналды ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасында тура
        тәуелділік бар
    С)	Нақты ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасында тура
        тәуелділік бар
    D)	Номиналды ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасанда кері
        тәуелділік бар
    Е)	Нақты ЖҰӨ деңгейі мен инфляция арасында тура тәуелділ­ ік
        бар

14.	Дезинфляция дегеніміз – бұл:
    А) Бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуі
    В) Ұлттық валюта бағамының ресми түрде төмендеуі
    С) Айналысқа қажетті ақшалардың, тауарлар мен қызметтердің
        жетіспеушілігі
    D) Бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуі немесе ақшалардың
        сатып алу қабілетінің жоғарылауы
    Е) Ұлттық валюта бағамының ресми түрде жоғарылауы

15.	Толық жұмысбастылық дегеніміз – бұл:
    A) Барлық еңбекке қабілетті халықтың жүз пайыз жұмыспен
        қамтылуы
    B) Табиғи жұмыссыздықтың орын алмауы
    C) Құрылымдық жұмыссыздықтың орын алмауы
    D) Фрикциондық жұмыссыздықтың орын алмауы
    E) Инфляция қарқыны төмен болған жағдайда ғана жұмыспен
        қамтылудың толық орындалуы

16.	Инженер К. Смирнов неғұрлым көпақылы жұмысқа орналасу
    үшін «ПОК» фирмасынан кетті. Бұл қандай жұмыссыздықты
    білдіреді:
    A) Фрикциондық және құрылымдық B) Циклдік C) Фрикциондық
    D) Құрылымдық E) Фрикциондық және циклдік

17.	Инфляцияның қарқынына қарай қандай түрлері болады?
    А) Баланстанған және балансталмаған
    В) Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы
    С) Күтілетін және күтілмейтін
    D) Баяу, секірмелі және ұшқыр инфляция
    Е) Экспортталған және импортталған

           276

⇐ МАЗМҰНЫ
   271   272   273   274   275   276   277   278   279   280   281