Page 275 - index
P. 275

6.	 Елдегі жұмыссыздар саны 6 млн. адам, ал жалпы жұмыс
    күшінің саны 120 млн. адам, онда жұмыссыздық деңгейі
    қаншаға тең?
    А) 5 % В) 20 % С) 0,05 % D) 25 % Е) 2 %

7.	Үлкен жұмыссыздықпен және инфляцияның өте жоғары
    деңгейімен бірге жүретін өндіріс тоқырауы, депрессия – бұл:
    A) Күтілетін инфляция B) Дефляция C) Стагнация
    D) Стагфляция E) Жасырын инфляция

8.	 Жұмыссыздық деңгейі келесідей анықталады:
    А) Жұмыссыздар саны/Жұмысбастылар×100%
    В) Жұмыссыздар саны/жұмыс құрамына кірмейтіндер×100%
    С) Жұмысбастылар/Жұмыссыздар саны×100%
    D) Жұмыс күші/Жұмыссыздар саны ×100%
    Е) Жұмыссыздар саны/Жұмыс күші ×100%

9.	 Экономиканың құлдырауы себебімен жұмысынан айырылған
    адам келесі жұмыссыздық түрін көбейтеді:
    А) Фрикциондық В) Құрылымдық С) Циклдік
    D) Табиғи E) Маусымдық

10.	Жұмыс күші құрамына кіретін, өз еркімен жұмыстан шық­қан,
    бірақ әлі жұмыс таппаған жұмысшы – бұл:
    А) құрылымдық жұмыссыздықтың құрамына кіреді
    В) уақытша жұмыссыздықтың құрамына кіреді
    С) фрикциондық жұмыссыздықтың құрамына кіреді
    D) жасырын жұмыссыздықтың құрамына кіреді
    Е) циклдік жұмыссыздықтың қатарына кіреді

11.	 Мына құбылыстардың қайсысы инфляцияның пайда болуы­
    на себеп болмайды?
    A) Ақша эмиссиясын мемлекеттің монополизациялауы
    B)	Кәсіподақтардың жалақы көлемін белгілеудегі монополиялық
        үстемдігі
    C) Ірі фирмалардың өндіріс шығындарына монополиясы
    D) Бағаны әкімшіліктік бақылау
    E) Жинақтау көлемінің өсуі

12.	Қай құбылыс экономикаға сұраныс инфляциясын әкелмейді:
    A) әскери шығынның артуы
    B) инвестициялық шығынның артуы
    C) еңбек өнімділігінің азаюы
    D) салықтың азаюы
    E) пайыз мөлшерлеменің қысқаруы

           275

⇐ МАЗМҰНЫ
   270   271   272   273   274   275   276   277   278   279   280