Page 282 - index
P. 282

2. Бақылау қызметі – бөлу үдерісін жалпы алғанда сан жағынан
бейнелеу, бұл жерде қаржы бөлу үдерісінің қаншалықты тиімді
жүріп жатқандығы ақша қорларының қаншалықты тиімді жұмсалып
жатқандығы жөнінде ақпарат беріп отырады.

   Қаржы жүйесі экономикалық организмнің қан айналымы жүйесін
сипаттайды, экономиканың тұтастай қалыпты жұмыс істеуі осы
саланың жағдайына тәуелді болып табылады.

   Қаржы жүйесі – ұдайы өндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі
экономикалық субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын
күрделі қаржы қатынастары.

   Қаржы жүйесі қандай да бір қаржылық қатынастарды сипаттайтын
болғандықтан, осы қатынастардың субъектілері мен деңгейлері
бөлініп шығады. Бұлар біріншіден, орталықтандырылған ақша
қорларын қалыптастыратын мемлекеттік деңгей, екіншіден,
орталықтандырылмаған ақша қорларын жасайтын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің деңгейі мен үй шаруашылықтарының
деңгейі болып табылады. Осындай деңгейлерде қаржы ресурстарын
қалыптастырудың және пайдаланудың әдістері мен тәсілдері әртүрлі
болып табылады.

   Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі келесі өзара
байланысқан элементтерден құралады:

   1) жалпы мемлекеттік қаржылар;
   2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары;
   3) үй шаруашылықтарының (тұрғындардың) қаржылары.
   Бұл жүйенің негізгі элементі ретінде жалпы мемлекеттік немесе
орталықтандырылған қаржылар саналады.
   Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді:
   а) мемлекеттік бюджет;
   ә) мемлекеттік несие;
   б) арнайы бюджеттен тыс қорлар.
   Мемлекеттік бюджет – қаржы ресурстарының орталықтандырыл­
ған қорын жасаумен байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
   Мемлекеттік несие – бюджет тапшылығын жабуға арналған
қаржылар, ол ішкі және сыртқы жинақталған қарыздың сомасын
көрсетеді.
   Арнайы бюджеттен тыс қорлар – қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттан-дыру үшін мақсатты қаржыландырудың қосымша нысаны.

   Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып орталықтандырылмаған

қаржылар табылады. Өйткені оларда мемлекеттің және субъектілердің

           282

⇐ МАЗМҰНЫ
   277   278   279   280   281   282   283   284   285   286   287