Page 281 - index
P. 281

14-тақырып

  Мемлекеттің қаржы және ақша-несие жүйесі.
                           Әлеуметтік саясат

   Мақсаты: экономикадағы қаржы жүйесіне және оның құрылы­
мына тоқталып, ондағы мемлекеттік бюджет пен оның тапшылығын,
мемлекеттік қарыз мәселесін талқылау, салықтардың экономикалық
мәнін ашу, ақша жүйесінің құрылымын және несие-банк қатынас­
тарын қарастыру, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік саясатын да
тоқталу.

   Талқылау сұрақтары:

   14.1.	Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы.
   14.2.	Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері.

          Лаффер қисығы
   14.3.	Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
   14.4.	Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
   14.5.	Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы

   Негізгі ұғымдар: қаржы, қаржы жүйесі, мемлекеттік бюджет,
мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік кірістер, трансферттік
төлемдер, бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз, салықтар, салық
мөлшерлемесі, Лаффер қисығы, ақша жүйесі, ақша айналымы, ақша
массасы, ақша агрегаттары, несие, банк, орталық банк, коммерциялық
банктер, мемлекеттік әлеуметтік саясаты, Лоренц қисығы, т.б.

14.1. Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы

   Қаржы – бұл тұтынушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін
қанағаттан-дыру үшін ақшалай табыстарды, жинақтарды және
қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен экономикада
өндірілген жиынтық өнімнің құнын бөлу үдерісінде туындайтын
экономикалық қатынастардың жиынтығы.

   Қаржының сипатты және айрықша белгілерін анықтау үшін оның
атқаратын қызметтеріне көңіл бөлу қажет.

   Қаржының атқаратын қызметтері:
   1. Бөлу қызметі – қаржы құралдарын қалыптастыру негізінде
жасалған жиынтық өнімді экономиканың барлық субъектілері (үй
шаруашылығы, фирмалар, мемлекет) арасында тиімді орналастыру.

           281

⇐ МАЗМҰНЫ
   276   277   278   279   280   281   282   283   284   285   286