Page 285 - index
P. 285

3. Операциялық сальдо.
   4. Таза бюджеттік несиелеу:
   - бюджеттік несиелер;
   - бюджеттік несиелерді жабу.
   5. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:
   - қаржылық активтерді иелену;
   - мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.
   6. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).
   7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):
   - қарыздардың келіп түсуі;
   - қарыздарды жабу;
   - бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы.
   Мемлекеттік бюджет шығындарын бөлек алып қарайтын болсақ,
оларға мыналар кіреді:
   -	 мемлекеттік қызмет көрсетулер;
   -	 қорғаныс;
   -	 қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, сот қызметі, құқықтық және
қылмыстық-атқару іс-әрекеті;
   -	 білім беру;
   -	 денсаулық сақтау;
   -	 әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
   -	 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
   -	 мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік;
   -	 ауыл, су, орман және балық шаруашылықтары, ерекше
қорғалатын табиғи территориялар, қоршаған ортаны және жануарлар
әлемін қорғау, жер қатынастары;
   -	 отын-энергетикалық кешен және жерді пайдалану;
   -	 өнеркәсіп, сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі,
көлік және байланыс;
   -	 қарыздарды өтеу;
   -	 арнайы трансферттер;
   -	 басқалары.
   Бюджеттен тыс қорлар – республикалық бюджеттен тыс
құрылатын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін
басымдықты маңызы бар мемлекеттік, аймақтық және салалық
деңгейдегі негізгі міндеттерді шешуге арналған қаржы ресурстары­
ның мақсатты қорлары.
   Қазақстанда арнайы бюджеттен тыс қорларға Мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру

қоры, Инновациялық қор, Ұлттық қор кіреді.

           285

⇐ МАЗМҰНЫ
   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289   290