Page 283 - index
P. 283

қаржы ресурста-рының негізгі бөлігі шоғырландырылған және
қоғамдық игіліктер жасалады. Ал қаржы жүйесінің шешуші буыны
ретінде шаруашылық субъектілерінің қаржылары табылады. Оларға
қаржылардың мынадай түрлері кіреді:

   а) материалдық өндіріс саласында (нақты секторда) жұмыс істейтін
субъектілердің қаржылары;

   ә) қаржылық ұйымдардың қаржылары;
   б) қызмет көрсету саласы мекемелерінің қаржылары.
   Сондай-ақ орталықтандырылмаған қаржыларға үй шаруа­
шылықтарының қаржылар жатады.
   Қоғамда жасалған жиынтық өнімді бастапқы бөлу үдерісінде үй
шаруашылықтарының, фирмалардың және мемлекеттің қарамағына
келіп түсетін қаржы ресурстары олардың мақсатты жұмсалуы
бойынша қолданылады. Мұндай қаржылық ресурстар банктік жүйе
және қор нарығы сияқты қаржы нарықтары арқылы әріқарай қайта
бөлу үдерісіне келіп түсуі мүмкін, бұл кезде осындай қаржылардың
қозғалысы нарықтық келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
   Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет
жүйесі бөлініп шығады.
   Мемлекеттік бюджет – кірістері мен шығыстары көрсетілген
мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып
бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.
   Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастар мен
заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі –
бұл барлық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының,
бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
   Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет­
тердің келесідей деңгейлері кіреді:
   - республикалық бюджет;
   - жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын
қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана
бюджеті, аудандар бюджеті.
   Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі
қызметтерді атқарады:
   1) қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне
жұмылдыру;
   2) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;
   3) қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық,

ведомствоаралық, әлеуметтік);

           283

⇐ МАЗМҰНЫ
   278   279   280   281   282   283   284   285   286   287   288