Page 284 - index
P. 284

4) кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;
   5) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
   6) әлеуметтік қорғау;
   7) мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау
жасау.
   Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:
   1) бірлік принципі – ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет
заңдылығын, дербес бюджет сыныптамасын қолдану;
   2) толықтылық принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп
түсетін барлық түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте көрініс
табуы;
   3) шынайылық принципі – бюджет параметрлерінің экономиканың
ағымдық жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республикасының
және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері
мен бағыттарына сәйкес келуі;
   4) ашықтылық принципі – бюджет заңдылығы аясындағы
нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау;
   5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында алдын-
ала қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының
қадағалауы;
   6) нәтижелілік принципі – бюджеттік бағдарламаларда көрсетілген
белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджет­
терді әзірлеу және орындау;
   7) тиімділік принципі – бюджет құралдарын аз көлемде қолдана
отырып, ең жақсы нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты
бюджетті нақты іске асыру;
   8) жауапкершілік принципі – бюджет заңдылығын бұзғаны үшін
бюджет үдерісіне қатысушыларды жауапкершілікке тарту;
   9) бюджеттердің дербестілігі принципі – әртүрлі деңгейдегі
бюджеттер арасындағы түсімдердің тұрақты түрде бөлінуін
қамтамасыз ету.
   Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құры­
лымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:
   1. Бюджет табыстары:
   - салықтық түсімдер;
   - салықтық емес түсімдер;
   - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
   - трансферттердің келіп түсуі.
   2. Бюджет шығындары.

           284

⇐ МАЗМҰНЫ
   279   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289