Page 298 - index
P. 298

14.2-суретіне сәйкес, «отбасылар үлесі» абсцисса осіне, «табыстар
үлесі» ордината осіне орналасқан. Табыстардың абсолютті тең

бөлінуі ое биссектрисасымен берілген, мұнда 20% отбасы табыстың
20%ы-н алады, 40% отбасы табыстың 40%-ын алады және солай
кете береді. Табыстардың нақты дәрежеде бөлінуі а, в, с, d, e

нүктелерімен сипатталады. Абсолютті теңдік сызығы мен Лоренц
қисығы арасындағы боялған бөлігі табыстардың теңсізігін көрсетеді:
бұл аралық бөлігі ұлғайған сайын табыстарды бөлудегі теңсіздіктер

де арта түседі.
   Жеке табыстан салықтарды алып тастағаннан кейін және

трансферттік төлемдерді төлеп болғаннан кейін адамдардың

табыстары біршама тепе-теңдік жағдайға жақындайды (14.3-сурет).

табыстар   Салықтарды төлегеннен
пайызбен   кейін трансферттерді
           қоса есептегендегі
     100%  Лоренц қисығы

                                  Лоренц қисығы
                                  (төлемдерсіз)

           0 20 40 60 80 100 Отбасы пайызбен

14.3-сурет. Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері

   Джини коэффициенті – бұл табыстарды бөлудегі теңсіздерді
анықтайтын көрсеткіш, ол табыстардың нақты бөліну деңгейінің
олардың тепе-тең бөліну сызығынан ауытқу шамасын көрсетеді. Бұл
көрсеткіш Лоренц қисығы салынған фигура алаңының абсолютті
теңдік сызығы салынған үшбұрыш алаңына қатынасы ретінде
анықталады:

                         КДж = М ауданы / N ауданы.

   КДж шамасы шын мәнінде, 0 мен 1-дің арасында болады, егер
коэффициент нөлге тең болса, онда экономикада абсолютті теңдік
орнайды, ал 1-ге тең болса, онда экономикада абсолютті теңсіздік
орнайды, яғни барлық жиынтық табыс бір адамның қолында болады
деген сөз, алайда, мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес.

           298

⇐ МАЗМҰНЫ
   293   294   295   296   297   298   299   300   301   302   303