Page 312 - index
P. 312

15-тақырып

        Халықаралық экономика. Мемлекеттің
              сыртқы экономикалық саясаты

   Мақсаты: халықаралық сауданың негізгі теорияларына жалпы
шолу жасау және мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының
негізгі ерекшеліктеріне сипаттама беру. Сонымен қатар Қазақстанның
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін талқылау.

   Талқылау сұрақтары:

   15.1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары;
   15.2. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты;
   15.3. Төлем балансы және валюта бағамы;
   15.4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі;
   15.5. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.

   Негізгі ұғымдар: әлемдік нарық, халықаралық еңбек бөлінісі,
абсолютті артықшылықтар, салыстырмалы артықшылықтар, Хекшер-
Олин дәлелдемесі, жаһандану, сыртқы сауда, экспорт, импорт, сыртқы
сауда балансы, протекционизм, еркін сауда саясаты, төлем балансы,
валюта бағамы, девальвация, ревальвация,

15.1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары

   Қазіргі әлемдік нарық өзіндік күрделенген жүйе ретінде ұлттық
шаруашылықтар арасындағы қалыптасқан сауда-саттық қарым-
қатынастары-мен сипатталады. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер,
жұмыс күші, капиталдың түрлері, технология, валюталар сатылуы
және сатып алынуы мүмкін.

   Әлемдік нарықтың қалыптасуы мен дамуы: халықаралық еңбек
бөлінісімен (ХЭБ) тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен
анықталады. Ол әлем елдерінің өндірістік шарттарының алуан
түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға,
капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына
әртүрлі иелік етуі (мысалы, бір ел пайдалы қазбаларға өте бай, ал
басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы мүмкін) олардың өндірістік
мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. Адамдар
өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда
тиімсіз және мүмкін емес болып табылады.

           312

⇐ МАЗМҰНЫ
   307   308   309   310   311   312   313   314   315   316   317