Page 317 - index
P. 317

Кемшіліктері: өндірістің тиімділігі төмендейді; бағалар өседі; тауарды
таңдау мүмкіндіктері тарылады; халықаралық еңбек бөлінісінің
артықшылықтары қолданылмайды; экспорттық қатынастар үзіледі.

   Сонымен, фритредерлік саясат сыртқы сауданың ешқандай
кедергілерін-сіз елдер арасындағы тауарлар мен қызметтердің еркін
қозғалуын жақтаса, ал протекционистік саясат ұлттық өндірісті қолдау
үшін елге шетелдік өнімнің келуін шектеуді қарастырады.

   Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері тарифтік
және тарифтік емес әдістер болып бөлінеді. Сыртқы сауданы
реттеудің тарифтік құралдарына кедендік баж салығы мен тарифтік
квота жатады. Тарифтік емес құралдарға квоталау, лицензиялау,
еркін экспорттық шектеулер, жасырын және қаржылық әдістер,
экономикалық емес әдістер жатады.

   Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауданы реттеуді және өндіріс
факторларының өзара қозғалысын қазіргі уақытта Халықаралық
валюталық қор, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік банк және
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асырады.

   Сондай-ақ, сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу бір жақты, екі
жақты және көп жақты болуы мүмкін.

   Қазақстанның сыртқы сауда саясаты
   Қазақстанның сыртқы сауда саясаты мемлекеттің экономикалық
саясатының құрамдас бөлігі ретінде сыртқы секторды реттеуге
бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады. Бұл жерде
мемлекеттің сауда саясаты ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгерісіне
бейімделіп, жаһанданудың артықшылықтарын максималдау және одан
болатын ықтимал қауіп-қатерлерді азайтып отыруы тиіс.
   Қазіргі уақытта, сыртқы сауда саясатында екі негізгі міндет
айқындалып отыр:
   1. Отандық тауарлардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру және
отандық өндірушілерді қорғау.
   2. Тұтынушыларды қорғау және ұйымдастырылған сауданы
дамыту үшін жағдайлар жасау.
   Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы сауда саясатын
жүргізу кезінде келесідей құралдарды қолданады:
   1. Кедендік-тарифтік құралдар, бұл импорттық және экспорттық
кеден баждарын қолдануға негізделеді.
   Қазақстандық кедендік-тарифтік саясатты құрудың тактикасы
қандай да бір өнім нарығының жағдайын тұрақты түрде бақылап
отыру, нарықтың жағдаятына жылдам бейімделу және тиімді

протекционизмді қамтамасыз ету қажеттілігінен шығады.

           317

⇐ МАЗМҰНЫ
   312   313   314   315   316   317   318   319   320   321   322