Page 313 - index
P. 313

Осындай мәселелерге бірінші болып классиктер Адам Смит пен
Давид Рикардо көңіл бөлді. А.Смит: «кез келген өнімді кез келген
елде өндіруге болады, бірақ олардың шығындары өте жоғары және
сапасы төмен болуы мүмкін, сол себепті, елдер өндірісі арзанға түсетін
тауарлар мен қызметтердің түріне маманданғаны дұрыс», деп жазды.
Олай болса, қазіргі әлемдік нарық сыртқы сауданың тиімділігімен
түсіндіріледі. Смитше, әлемдік сауданың тиімділігі қандай да бір
елдің өндіріс шығындары деңгейінде басқа бір елге қарағанда
абсолютті артықшылыққа ие болуынан көрініс табады. Осылайша,
А.Смит абсолютті артықшылықтар теориясын қалыптастырды.
Ал Д.Рикардо болса, өзінің әйгілі салыстырмалы артықшылықтар
теориясын дамытты. Айталық, Қазақстанға Қырғыз Республикасына
қарағанда бидай мен мата өндірісі арзанға түседі. Егер бұлай болса,
онда Қазақстанға Қырғыз Республикасымен саудаласудың мүлдем
қажеті жоқ.

   Алайда, салыстырмалы шығындар теориясына сәйкес екі ел
арасындағы сауда тиімді болып табылады. Айталық, Қазақстанда
бидайдың 1 бірлік құны матаның 1,5 бірлік құнына тең. Ал Қырғыз
Республикасында бидайдың 1 бірлігі матаның 2 бірлігіне тең. Егер,
Қырғыз Республикасына бидай шығарсақ, онда оның құнына матаның
2 бірлігін алуға болады. Олай болса, матаға қарағанда бидайды

Қазақстанда өндірген аса тиімді болып табылады.

           15.1-сурет. Салыстырмалы артықшылықтар

   Суреттен көріп отырғанымыздай, Қазақстанның ішкі нарығында
бидайдың 300 бірлігі 450 бірлік матаға айырбасталар еді (аb сызығы).
Ал егер бидайды Қырғыз Республикасына шығарсақ, онда оған 600
бірлік мата алуға болады (ас сызығы).

   Қырғыз Республикасы үшін ішкі нарықта 600 бірлік матаға 300
бірлік бидайды айырбастауға болады (de сызығы). Ал егер ол матаны
Қазақстанға сатса, онда оған 450 бірлік бидай ала алады (fe сызығы).

           313

⇐ МАЗМҰНЫ
   308   309   310   311   312   313   314   315   316   317   318