Page 315 - index
P. 315

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Халықаралық Валюталық
Қордың (ХВҚ) стандартты жіктемесі әлемнің 184 елін қамтиды және
келесідей топтарды бөліп көрсетеді:

   1. Индустриалды елдер, оларға әлемдік экспорттың 2/3-сі және
әлемдік ЖІӨ-нің 50%-дан астамы келеді. Бұл – Солтүстік Америка­
ның, Батыс Еуропаның және Тынық мұхит бассейнінің 24 мемлекеті.

   2. Дамушы мемлекеттер – бұл Азияның, Африканың және Латын
Америкасының 132 елі.

   3. Өтпелі экономикалы елдер – бұл Орталық және Шығыс
Еуропаның, бұрынғы КСРО-ның 28 мемлекеті.

   Дүниежүзілік банктің (ДБ) жіктемесіне байланысты әлемнің 209
мемлекеті табыстар деңгейі бойынша:

   1. Табысы аса жоғары дамыған мемлекеттер;
   2. Табысы жоғары мемлекеттер;
   3. Табысы орташа дамушы мемлекеттер;
   4. Табысы төмен дамушы мемлекеттер, болып негізгі төрт топқа
бөлінеді.
   Әлемнің барлық мемлекеттері экономикалық дамудың қандай
деңгейінде тұрса да олар бүгінгі күні барлық адамзаттың мүдделеріне
қайшы келіп отырған жаһандық мәселелермен соқтығысып отыр.
Қазіргі уақытта жаһандық мәселелерге демографиялық, азық-
түліктік, экологиялық мәселелерді және әлемдік ядролық соғыс
қаупін жатқызуға болады. Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық
экономикалар ашықтылық дәрежесіне байланысты экономикалық
дамудың әртүрлі деңгейін бастан кешіп отыр.
   Жаһандану – бұл әлемдік экономикаға бірігуді күшейтудің
үдерістері. Жаһанданудың пайда болу нысандары халықаралық
экономикалық қатынастардың қазіргі түрлерімен тығыз байланысты
болып табылады. Оларға тауарлар мен қызметтердің әлемдік
саудасы, экономикалық интеграция, өндіріс факторларының әлемдік
жылжуы, ғылым мен техника саласындағы айырбас, халықаралық
валюталық-несиелік қатынастар жатады. Жаһанданудың арқасында
әлемдік шаруашылық: фирма ішілік айналымның әлемдік саудадағы
үлесінің өсуі, сияқты аса күрделі, әрі терең өзгерістерге ұшырады
тікелей инвестициялардың, банктік операциялардың және қаржылық
активтердің өсуі. Жаһанданудың қазіргі теориясы еркіндік моделіне,
яғни мемлекет қызметін шектеуге, нарықты жан-жақты қолдауға және
дамытуға, әлемдік бағалар негізінде ресурстарды тиімді бөлуге және
қолдануға сүйенеді. Бұл жерде мұндай шаралар ұлттық саясаттың

           315

⇐ МАЗМҰНЫ
   310   311   312   313   314   315   316   317   318   319   320